Télécharger Imprimer la page

Bosch GBH 220 Professional Notice Originale page 134

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH 220 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
134 | Қазақ
Бұрғылау патронын алмастыру
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын орнату (B суретін қараңыз)
– SDS plus бекіткіш білігін (17) жылдам қысқыш
бұрғылау патронына (1)/тісті тоғыны бар бұрғылау
патронына (16) бұрап орнатыңыз. Жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (1)/тісті тоғыны бар бұрғылау
патронын (16) бекіткіш бұрандамен (15) бекітіңіз.
Бекіткіш бұранданың сол жақ ирек оймасы бар
болуын қадағалаңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын енгізу (B суретін қараңыз)
– SDS plus бекіткіш білігінің (17) жалғанатын ұшын
тазалап, аздап майлаңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын (16), өздігінен
құлыптанғанша, бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне
бұрап енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1)/тісті
тоғыны бар бұрғылау патронының (16) бекітілуін тарту
арқылы тексеріңіз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын (1) /тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (16) шығарып алыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (C суретін
қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны (2) алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде
алмастыруға мүмкіндік береді.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (3)
автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін
қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды
ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
1 609 92A 9EX | (13.05.2024)
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (D суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронындағы құралды ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату (E суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (19) нық ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (18) құралды енгізу мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Құралды салыңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын нық ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны
шерту дыбысы шыққанша сағат тілінің бағытымен
қолмен күш салып бұраңыз. Бұл ретте бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
– Құралды тарту арқылы оның берік бекітілгенін
тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені көрсеткі бағытына қарсы
бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін жабуға
болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (10) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
(F суретін қараңыз)
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының артқы
төлкесін (19) нық ұстап тұрыңыз. Алдыңғы төлкені 
құралды шығару мүмкін болғанша бұрау арқылы құрал
бекіткішін ашыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools

Publicité

loading