4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне
тықпаңыз.
► Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
► Қуаттағышты ашпаңыз.
► Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
4.6
Қуаттау
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында жарамсыз немесе
зақымдалған қуаттағыш әдеттен тыс иіс
шығаруы немесе түтіндеуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
■ Қуаттағыш жылудың жеткіліксіз дәрежеде
бұрылмауынан қызып кетіп, өртену себебі
болуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты бүркемеңіз.
4.7
Электр желісіне қосу
Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу келесі
себептерге орай туындауы мүмкін:
– Біріктіруші сым немесе ұзартатын сым
бұзылған.
– Біріктіруші сым немесе ұзартатын сымының
штепсельді айыры зақымдалмаған.
– Розетка дұрыс орнатылмаған.
Қауіп
■ Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу токтың
соғуына себеп болуы мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
мүмкін.
► Біріктіруші сым, ұзартатын сым мен
штепсельді айырдың бұзылмағанына көз
жеткізіңіз.
Егер біріктіруші сым немесе
ұзартатын сым бұзылған болса:
► Зақымданған учаскеге тиіп
кетпеңіз.
► Қуат ашасын розеткадан
суырыңыз.
► Біріктіруші сым, ұзартатын сыммен және
желілік істікшемен жұмыс істегенде сіздің
қолыңыз құрғақ болуы тиіс.
► Байланыстырушы сымның немесе
ұзартқыш сымның желілік істікшесін
0458-967-9901-A
дұрыс орнатылған және жерге тұйықтау
түйіспесі бар розетка ұясына қосыңыз.
► Қуаттағышты дифференциалды
қорғаныстың автоматты сөндіргіші
(30 мА, 30 мс) арқылы қосыңыз.
■ Зақымдалған немесе жарамсыз ұзартқыш
сым электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы мүмкін.
► Қимасы дұрыс болып табылатын
ұзартқыш сымды қолданыңыз,
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында дұрыс емес болған
желінің кернеуі немесе дұрыс емес болған
желінің жиілігі қуаттағыштың артық
жүктемесіне себеп болуы мүмкін.
Қуаттағыш бұзылуы мүмкін.
► Желінің кернеуі мен электр желісінің
жиілігі қуаттағыштың паспорттық
деректері бар фирмалық тақтайшасына
сай келетініне көз жеткізіңіз.
■ Егер зарядтау құрылғысы желілік розеткаға
қосылған болса, қуаттау кезінде электрлік
сымдарға артық жүктеме түсуі мүмкін.
Электрлік құрамдастар қызып кетіп, тұтану
себебі болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақаттар алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Желілік розеткадағы қуат сипаттамалары
зарядтау құрылғысының және желілік
розеткаға қосылған барлық электр
құрылғыларының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген
сипаттамалардан аспайтындығына көз
жеткізіңіз.
■ Дұрыс өткізілмеген байланыстырушы сым
және ұзартқыш сым зақымдалуы және оған
адамдар сүрініп қалуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы, ал байланыстырушы сым
немесе ұзартқыш сым – зақымдалуы
мүмкін.
► Біроіктіруші сымды және ұзартқыш
сымды адамдар оған сүрінбейтіндей етіп
өткізіңіз және белгілеңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
созылмайтындай және шатаспайтындай
етіп өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
зақымданбайтындай, қысылмайтындай
немесе қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
жылудан, май мен химиялық заттардың
түсуінен қорғаңыз.
қазақ
12.2.
143