W...A 2... белгісі бар аспаптар:
Автобалансирдің тіреуіш фланеці (4)
шпиндельге берік бекітілген. Бұл басқа
бұрыштық ажарлағыштарға қарағанда қосымша
алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес
екендігін білдіреді.
Автобалансир тіреуіш фланецінің (4),
ажарлағыш дөңгелектің және Quick қыспа
гайкасының (1) немесе қыспа гайканың (13)
беттері таза болуы тиіс. Қажет болса, оларды
тазалап шығыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті автобалансирдің
тіреуіш фланеціне (4) орналастырыңыз.
Ажарлағыш дөңгелек автобалансирдің тіреуіш
фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3
Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Quick қыспа гайкасын (1) бекіту:
Егер қысу диапазонындағы алмалы-
салмалы құралдың қалыңдығы 8 мм
шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын
пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда
қыспа гайканы (13) екі саңылаулы кілтпен (14)
бірге пайдаланыңыз.
Тек ақаусыз және зақымдалмаған Quick
қыспа гайкасын пайдаланыңыз: көрсеткі
сыртқы сақинадағы ойыққа қарап тұруы тиіс (2-
беттегі суретті қараңыз).
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Quick қыспа гайкасын (1) шпиндельге (3)
орнатыңыз. 2-беттегі суретті қараңыз.
- Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен
қолмен бұрап тартыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің
бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа
гайкасын тартыңыз.
W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та
асқын қарсылық сезілуі тиіс.
Quick қыспа гайкасын (1) босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Quick қыспа гайкасын (1) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
7.4
Қыспа гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Қыспа гайканы (13) бекіту:
Қыспа гайканың 2 жағы бір-бірінен
өзгешеленеді. Қыспа гайканы шпиндельге
төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі E суретін қараңыз.
- А) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Қыспа гайканың (13) буылтығы ажарлағыш
дөңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап
тұр.
Ә) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Қыспа гайканың (13) буылтығы қыспа гайканы
шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап тұр.
- Шпиндельді бекітіңіз. Қыспа гайканы (13) екі
саңылаулы кілттің (14) көмегімен сағат тілінің
бағытымен бұрап тартыңыз.
W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та
асқын қарсылық сезілуі тиіс.
Қыспа гайканы босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
Қыспа гайканы (13) екі саңылаулы кілттің (14)
көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
шығарыңыз.
8. Пайдалану
8.1
Қосу/өшіру
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
тұрыңыз.
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға
тек қосулы күйінде апарыңыз.
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз:
желілік аша розеткадан суырылған немесе
токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым
аспапты өшіріңіз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты
қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды
орындалатын жұмысқа аударыңыз.
Аспапқа шаң мен жоңқаның құйындауын
немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты
өшіргеннен кейін қозғалтқыш толықтай
тоқтағанша қоймаңыз.
2-беттегі A суретін қараңыз.
Қысқа мерзімге қосу:
Қосу: құлыпты (7) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып
қосқышты (8) басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8)
жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға
байланысты):
Қосу: құлыпты (7) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып
қосқышты (8) басып тұрыңыз. Аспап енді
қосылып тұр. Енді құлыпты (7) тағы бір
рет көрсеткі бағытымен жылжытып,
батырма ауыстырып қосқышты (8)
бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8) басып
жіберіңіз.
W...B белгісі бар аспаптар:
Қысқа мерзімге қосу (қауіпсіз тоқтату
функциясымен)
2-беттегі B суретін қараңыз.
Қосу: батырма ауыстырып-қосқышты (8) алға
қарай жылжытыңыз да, содан кейін
батырма ауыстырып қосқышты (8)
жоғары қарай басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8)
жіберіңіз.
ҚАЗАҚША kk
127