Télécharger Imprimer la page

Metabo W 22-230 MVT Notice Originale page 125

Masquer les pouces Voir aussi pour W 22-230 MVT:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
Иілгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге
жеткізілген және талап етілген жағдайда
қолданыңыз.
Құрал мен керек-жарақ өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май
мен соққыдан қорғаңыз!
Ажарлағыш дөңгелектерді өндірушінің
нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және
қолдану керек.
Ешқашан кескіш дөңгелектерді ажарлау
жұмыстары үшін пайдаланбаңыз! Кескіш
дөңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға
болмайды.
Дайындаманы, мысалы, қысқыш
құрылғылардың көмегімен берік бекіту және
жылжып кетуден қорғау керек. Үлкен
дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою
керек.
Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы
құралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы
ажарлағыш құрал саңылауының түбіне тимеуі
тиіс. Алмалы-салмалы құрал ирек оймасының
ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне
көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек
оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес
келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель
ирек оймасын 3-беттен және «Техникалық
деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз.
Стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға
кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы
30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық
ажарлағыш FI автоматты ажыратқышы арқылы
өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және
тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді
қараңыз.
Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе
дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым
салынады.
Газ немесе су құбырларының, электрлік
желілердің және көтергіш қабырғалардың
(статика) зақымдалуына жол бермеңіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе
техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас
бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
алыңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша
тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш
қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Бөлшектері немесе қорғаныс құрылғылары
жетіспейтін немесе бұзылған аспапты қоспаңыз.
Бірқалыпты іске қосу функциясы бар аспаптар
(түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар): егер
аспап іске қосылған кезде максималды айналу
жиілігіне дейін өте жылдам үдесе, бұл
электрондық блокта ақаулықтың орын алғанын
білдіреді. Электрондық блок функцияларына
қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа
нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу
жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).
Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы,
оларды білдек қысқышында қысыңыз.
Шаң жүктемесін азайту:
Осы аспаппен жұмыс істеу барысында
пайда болатын бөліктер обыр,
аллергиялық реакциялар, тыныс жолдарының
сырқаттануын, туа біткен ауру немесе басқа да
жыныстық мүшелердің зақымдарын тудыра
алатын материалдарды қамтуы мүмкін. Мұндай
материалдардың мысалдары: қорғасын
(қорғасын қамтитын бояуларда), минералды
шаң (құрылыстық тастан, бетоннан және т.с.с.),
ағашты өңдеуге арналған қоспалар (хромат,
сүректі қорғайтын құралдар), белгілі бір ағаш
түрлері (мысалы, емен немесе шамшат шаңы),
металдар, асбест.
Тәуекел пайдаланушыға немесе айналадағы
тұлғаларға тиетін жүктеме әсерінің ұзақтығына
тәуелді болып келеді.
Бөліктердің денеге енуін болдырмаңыз.
Мұндай материалдардың жүктемесін азайту
үшін: жұмыс орнында жеткілікті желдетуді
қамтамасыз етіңіз және өте ұсақ бөліктерді
сүзуге қабілетті респираторлар сияқты арнайы
қорғаныс жабдығын тағыңыз.
Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны бойынша қолданылатын
директиваларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті
қорғау ережелері, кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
Ерекше жұмыстарды өткізу үшін жарамды
керек-жарақтарды пайдаланыңыз (11.-бөлімді
қараңыз). Бұл айналаға бөлшектердің
бақылаусыз түсуін азайтуға көмектеседі.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Quick қыспа гайкасы *
2 Тіреуіш фланец *
3 Шпиндель
4 W...A...: Автобалансирдің тіреуіш фланеці
(алынбайды) *
5 Шпиндель бекіткішінің түймесі
6 Электрондық сигналдық индикатор *
7 Құлып (кездейсоқ қосылудан қорғауға
немесе үздіксіз жұмыс режимін қосуға
арналған) *
ҚАЗАҚША kk
125

Publicité

loading