Дисплей жарығы
Дисплей жарығы үздіксіз қосылып тұрады. Түйме басылмаса, дисплей жарығы
шамамен 10 секундтан кейін батареялардың/аккумуляторлардың қуатын үнемдеу
үшін күңгірттеледі. Шамамен 30 секундтан кейін ешбір түйме басылмаса, дислпей
жарығы сөнеді.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы нұсқаулықтар
Қабылдау линзасы (11) мен лазер сәулесінің шығысын (12) өлшеу кезінде жабуға
болмайды.
Өлшеу құралы өлшеуде қозғалуы мүмкін емес. Сол үшін өлшеу құралын тұрақты
тірек аймағына қойыңыз.
Өлшеу аймағына әсерлер
Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне
байланысты. Қатты бөгде жарықта лазер сәулесі жақсы қөрінуі үшін лазер көру
көзілдірігін (14) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (13) (керек-жарақ)
пайдаланып, мақсатты жазықтықты өшіріңіз.
Өлшеу нәтижесіне әсер ету
Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін.
Мұндай беттерге жатады:
– мөлдір беттер (мысалы әйнек, су),
– шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған метал, әйнек),
– борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары),
– құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Осы беттерде лазер нысандық тақтасын (13) (жабдық) қажетінше пайдаланыңыз.
Қате өлшеулерді қисық көзделген насандық аймақтарда да орындау мүмкін.
Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу
нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
– Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақтыққа байланысты өзгермейтін, шамамен 3–
10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы). Өлшеуді
қолайлы жағдайларда өткізу керек, өлшеу бөлме ішінде өткізіліп, өлшенетін
беттің аймағы тегіс және жақсы шағылысатын болуы керек.
– Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 293
1 609 92A 7L2 | (26.04.2022)