Télécharger Imprimer la page

Kärcher K 5 Smart Control Mode D'emploi page 196

Masquer les pouces Voir aussi pour K 5 Smart Control:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
пистолеттің қысым көрсеткішінде «MIX» LCD
пайда болғанша бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
4. Жоғары қысымды бүріккіштегі «+/-» түймелерінің
көмегімен қалаулы тазалағыш зат
концентрациясын орнатыңыз.
5. Опция ретінде көбік саптамасын пайдаланыңыз.
a Жуғыш құралдың ерітіндісін жуғыш құралға
арналған бакке толтырыңыз. Жуғыш құралға
арналған қаптамадағы мөлшерлері туралы
мəліметтерді қараңыз.
b Көбікке арналған саптаманы жуғыш құралға
арналған ыдысқа қосыңыз.
c Көбікке арналған саптаманы жоғары
тегеурінді пистолетке салыңыз жəне оны 90°-
қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет T
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Plug 'n' Clean жуғыш құрал бөтелкесін
ұстағыштан шығарып, оны қақпақпен жабыңыз.
2. Сақтау үшін жуғыш құрал бөтелкесін қақпақпен
ұстағышқа салыңыз.
3. Шаю үшін құрылғыны 1 жуғыш құрал деңгейінде
шамамен 30 секундқа қосыңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет U
3. Шүмегі бар жоғары тегеурінді пистолетті сақтауға
арналған қалыпқа орнатыңыз.
4. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
1. Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз жəне көшіріңіз.
196
Құрылғыны сүйреу
1. Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
2. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаудың алдында Plug 'n' Clean жуғыш
құралға арналған ыдысты бекіністен шығарыңыз
жəне қақпақпен жабыңыз.
2. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату
батырмасын басыңыз жəне жоғары тегеурінді
құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Жоғары тегеурінді құбыршектің зақымдалуы
Жоғары тегеурінді құбыршектің дұрыс емес
айналу бағытының əсерінен зақымдалуы
Орау кезінде барабанның айналу бағытын
бақылаңыз.
4. Құбыршекті орауға арналған барабаны бар
құрылғылар үшін: Құбыршекті барабанды
тұтқасынан сағат тілімен айналдырыңыз жəне
оған жоғары тегеурінді құбыршекті ораңыз.
5. Құбыршекті орауға арналған барабаны жоқ
құрылғылар үшін: Уберите шланг высокого
давления для хранения на устройстве.
6. Желі баусымын жəне жабдықтарды құрылғыға
салып қойыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды
сақтаңыз, Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету-бөлімін қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен
құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық əсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
 Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
 Жоғары қысымды пистолет жоғары қысымды
шлангіден бөлінген.
1. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
2. Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып
біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
3. Құрылғыны өшіріңіз.
4. Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық
жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Қазақша
Сақтау
Аяздан қорғау

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

K 5 premium smart control