Télécharger Imprimer la page

3M Peltor WS ProTac XPI MT15H7 WS6 Serie Mode D'emploi page 126

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 74
1. БЕКІТУ НҰСҚАУЛАРЫ
1:1 Бас жолағы
(H:1) Қақпақтарды сыртқа сырғытып, стакан үстін сыртқа
еңкейтсеңіз, кабель байлауыш сыртында болуы қажет.
(H:2) Доғаны орнында ұстап тұрып табақшаларды жоғары
немесе төмен жылжыту арқылы олардың биіктігін реттеңіз.
(H:3) Доға басыңыздың жоғарғы жағына орналасуы тиіс.
1:2 Мойын жолағы
(J:1) Қақпақтарды құлақтар үстіндегі орынға қойыңыз.
(J:2) Қақпақтарды орнында ұстап, бас бауын бас үстіне
қойып, орнына берік бекітіңіз.
(J:3) Бас бауы бас үстіне орналастырылуы керек және
гарнитура салмағын көтеруі керек.
1:3 Шлем тіркемесі
(K:1) Шлем тіркемесін каска ұясына салып, орнына
сырғытыңыз.
(K:2) Кабельдің бас жолағының сыртында екеніне көз
жеткізіңіз.
(K:3) Жұмыс режимі: Байлауыш сымдарын екі
жағынан дыбыс естілгенше ішке басыңыз. Қақпақтар
мен байлауыш сымдары жұмыс режимінде шлем
шетін баспайтынын тексеріңіз, себебі бұл шу кемуіне
себеп болуы мүмкін.
(K:4) Желдету режимі: Қақпақтарды шлемге қарсы
қоймаңыз, себебі бұл желдетуге кедергі келтіреді
(K:5).
ЕСКЕРТПЕ: Шлемді шлем тіркемесі желдету
режимінде тұрған күйінде сақтамаңыз. Бұл шлем
тіркемесіне күш түсуіне себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Шлем пайдаланылмаған кезде,
стакандардың жұмыс режимінде қалғанына көз
жеткізіңіз. Бұл шлем тіркемесіне түсетін күшті
арттырады.
1:4 Микрофон
(М:1) (М:2) Шуды басу тиімділігін сақтау үшін, сөйлеу
микрофонын аузыңызға жақын ұстаңыз (3 мм).
1:5 Шлем тіркемесі тақтасын ауыстыру
Әр түрлі өндірістік қауіпсіздік шлемдерін дұрыс бекіту
үшін, шлем тіркемесінің тақтасын ауыстыру керек.
F-кестесінен ұсынылған тіркемені табыңыз. Басқа
тақталарды дилерден сатып алуға болады. Бұрағыш
қажет.
(N:1) Тақтаны ұстап тұрған бұранданы босатыңыз.
(N:2) Тақтаны ауыстырып, тақтаның дұрыс
бұралғанын тексеріп, бұранданы бекемдеңіз.
2. ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
2:1 Батареяларды ауыстыру (1-сурет)
1–2: Батарея ұясының қақпақтарын ашып, сілтілі
батареяларды немесе ACK053 салыңыз.
3: Батарея полярлығы батарея ұясындағы белгіге
сай болуы тиіс. Батарея зарядының төмендігі «Low
battery» (Батарея деңгейі төмен) қайталанатын
дыбыстық хабары арқылы көрсетіледі.
4–6: Қақпақты көтеріп, ұяшық қақпағын жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тек 3M™ PELTOR™ USB
FR09 зарядтағышын және 3M™ PELTOR™ USB
FR08 қабырға адаптерін 3M™ PELTOR™ ACK053
батареясымен пайдаланыңыз.
2:2 Жұмыс істеу уақыты
Жаңа AA сілтілі батареяларын және толық
зарядталған ACK053 батареясын болжалды жұмыс
істеу уақыты (1900 мА/сағ):
• Дыбыс деңгейіне тәуелді: шамамен Х сағат
• Bluetooth
және дыбыс деңгейіне тәуелді:
®
шамамен 40 сағат
ЕСКЕРТПЕ:
Ортаға, температура және батареяға байланысты жұмыс
уақыты өзгешеленуі мүмкін.
2:3 Қосу/өшіру (2-сурет)
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін, On/Off/Mode түймесін
шамамен 2 секунд басып тұрыңыз. «Power on» (Қосылды)
немесе «Power off» (Өшірілді) дыбысты хабары арқылы
құрылғының қосылғаны не өшірілгені расталады.
ЕСКЕРТПЕ: Функциялар төрт сағаттан астам
пайдаланылмаған кезде гарнитура автоматты түрде өшеді.
Ол «Automatic power off» (Автоматты түрде өшу) дыбысты
хабарымен көрсетіледі.
2:4 Дыбыс көзінің дауыс деңгейін реттеу (3-сурет)
Дыбыс көзінің деңгейін реттеу үшін, [+] немесе [–] түймесін
қысқа (1 с) ғана басыңыз. Белсенді дыбыс көзін қуат түймесін
On/Off/Mode түймесін қысқа (1 с) ғана басу арқылы өзгертіңіз.
Дыбыс көзі төмендегілердің болуы мүмкін:
• Айналадағы дыбыс
• Ағында ойнату
• Телефон
• Радио
2:5 Айналадағы дыбыс (дыбыс деңгейіне тәуелді
микрофондар)
құлағыңызды ықтимал зиянды шу деңгейлерінен қорғауға
көмектеседі. Тоқтаусыз шұрқырау және басқа да ықтимал
зиянды шуылдар азаяды, бірақ сіз әлі де әдеттегідей
сөйлеп, айтқаныңыз басқаларға естілетін болады.
Айналадағы дыбыс деңгейі параметрі қоршаған орта
дыбысына арналған деңгейге тәуелді функцияны реттейді.
Оның 4 деңгейі мен өшіру режимі бар. Дыбыс деңгейін [+]
немесе [–] түймелерін басу арқылы реттеңіз.
118
KZ

Publicité

loading