Télécharger Imprimer la page

Hilti WSC 85 Mode D'emploi page 138

Masquer les pouces Voir aussi pour WSC 85:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
АБАЙЛАҢЫЗ
Шаң денсаулық үшін зиянды жəне дем алу
жолдарының ауруларын жəне тері ауру-
ларын, сондай-ақ, аллергиялық реакция-
ларды тудыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шаңның белгілі бір түрлері канцерогенді
болып табылады. Бұл минералды, емен
жəне шамшат шаңы, əсіресе, ағаш өңдеу-
де пайдаланылатын қосымша заттармен
(хроматтар, ағашты қорғау заттары) тірке-
сімде.
АБАЙЛАҢЫЗ
Белгілі қолданыс үшін мүмкіндігінше жа-
рамды Hilti шаңсорғышын/шаң ұстағышын
пайдаланыңыз. Eгер шаң ұстағыш жоқ
болса, Р2 класты сүзгісі бар респира-
торды қолдану керек. Бұған қоса, шаң
шоғырлануы аз болуы үшін əрқашан
жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Сорып алатын құрылғы жоңқаларды кеті-
руді жеңілдетеді, жұмыс орнындағы шаң
мөлшерін азайтады, жабдық пен бөлменің
қатты ластануын болдырмайды. Ағашты
немесе денсаулыққа зиянды шаңның көп
мөлшерін шығаратын басқа материалдар-
ды өңдегенде аспапты шаңсорғышқа қосу
ұсынылады.
Сорып алатын құрылғыға арналған жалғас-
ты рғыш тетікті 15 құрастыруға тек аспапты
сыртқы шаңсорғышқа қосқанда рұқсат
етіледі, əйтпесе сорып алатын тесікке ылғал-
ды ағашты кескенде жоңқалар бітеуі мүмкін.
Бұл үшін жалғастырғыш тетікті алдында
"қарлығаш құйрығына" тесігін аспаптың
артқы бөлігіне қаратып салыңыз да, бекі-
тіңіз. Қосылым сорып алатын құрылғыны
берік ұстайды.
■ Қауіпсіздік техникасының ережелерін
сақтаңыз.
4.1 Шаң сору жүйесінің адаптері бітелген
жағдайдағы əрекеттер реті
136
Printed: 14.05.2014 | Doc-Nr: PUB / 5071332 / 000 / 02
All manuals and user guides at all-guides.com
1.
Кабель айырын желілік розеткадан
шығарыңыз.
2.
Шаң сору жүйесінің адаптерін тазалаңыз.
3.
Қозғалмалы бөліктердің мүлтіксіз қыз-
мет етуін, барлық бөліктердің тұтастығын
жəне аспаптың жұмысына теріс əсер етуі
мүмкін зақымдардың жоқ болуын тек-
серіңіз.
5. Ескертпелер
■ Аспапта кез келген жұмыс түрлерінің
алдында желілік сымды розеткадан суы-
рыңыз.
Белгілеу бойынша кесу
Тірек тақтасының алдыңғы бөлігін дайын-
дамаға қойыңыз, аспапты өшіріңіз жəне қол
циркулярлық арасын кесу сызығымен түзу
жүргізіңіз.
Негізде 0 градус, 22,5 грудас, 45 жəне 60 гра-
дус ұрышпен кесуге арналған 4 белгілеу
көрсеткіші бар. Белгілеу сызықтары кесе-
тін дискінің ішкі жиегіне сай келеді.
Параллель тірекпен кесу (4-сур.)
Параллель тіректің 5 арқасында дайында-
ма бойымен дəл кесулерді орындауға
жəне/немесе бірдей тақтайларды кесуге
болады. Кесу енін өзгерту үшін бекіту бұран-
даларын 3 босатыңыз жəне тіректі қажет
қашықтыққа жылжытыңыз. Бұдан кейін
бұрандаларды қайта бекемдеңіз 3. Парал-
лель тіректі тірек тақтасының екі жағына да
құрастыруға болады.
Аударылған (жиегімен төмен қарай) па-
раллель тіректі тірек тақтаны кеңейту үшін
қолдануға болады.
Кесу тереңдігін шектеу
Реттеу иінтірегін 1 жылжыта отырып, қажет
кесу тереңдігін орната аласыз. Бұл үшін ке-
су тереңдігін реттеу шкаласын 22 қолда-
ныңыз. Жылжыту алдында кесу тереңдігін
шектегіштің 23 бекітілуін босату керек жəне
осыдан кейін қайта бекіту керек.
Кесетін жиектің оңтайлы сапасын алу үшін
кесу тереңдігі кесіп жатқан материалдың
қалыңдығынан кемінде 2 мм азырақ болуы
керек.
Кесу бұрышын реттеу (1-сур.)
Кесу бұрышын реттеуге арналған бекіту
бұрандасын 2 босатыңыз жəне құрылғыны
шкалада 21 қажет кесу бұрышы орна-
тылғанша бұрыңыз. Бұдан кейін бұранда-
ны қайта бекемдеу керек 2. Дискіні бастапқы
күйге қайтару алдында тірек тақтасының
бос учаскесін жоңқалардан жəне басқа
ластану түрлерінен тазалаңыз.
Батырып кесу (2-сур.)
Дайындамада кесіп тастау керек учаскені
белгілеңіз. Қол циркулярлық арасын "0 ке-
су тереңдігі" күйіне орнатыңыз, бірақ
бекітпеңіз. Қол циркулярлық арасын да-
йындамаға қойыңыз. Тірек тақтасының ар-
тындағы белгіні белгілеуге сай келтіріңіз.
Кері соққы қаупін азайту үшін тірек тақта-
сының артқы жиегінде тоқтатқыш ретінде
тақтайды берік бекітіңіз. Осы тоқтатқышты
дайындамаға басыңыз. Қол циркулярлық
арасын дайындамаға жəне артқы жиекте
орнатылған тоқтатқышқа басыңыз. Аспап-
ты қосыңыз жəне бос қолмен кесу тереңді-
гін реттеу иінтірегін 1 басыңыз. Қол цир-
кулярлық арасын дайындамаға жəне артқы
жиекте орнатылған тоқтатқышқа басыңыз.
Аспапты қосыңыз жəне кесу тереңдігін рет-
теу иінтірегін 1 бос қолмен қатты басыңыз.
Ескерту: Кесуді тірек тақтасындағы алдыңғы
белгі белгілеуге сай болғанша орындаң-
ыз.
Қосымша тұтқыш
Қосымша тұтқыш 24 аспаппен жұмыс іс-
теуді жеңілдететін оңтайлы эргономиканы
қамтамасыз етеді.
6. Техникалық қызмет
көрсету жəне күту
■ Аспапқа техникалық қызмет көрсе-
ту жəне күту бойынша кез келген жұмыс
түрлерін бастау алдында штепсельді
розеткадан суырыңыз.
■ Тұрақты түрде аспапты тазалаңыз жəне
үнемі желдету тесіктерін 20 ұстаңыз.
Таза аспап еңбек өнімділігін арттырады.
Сондықтан аралау төсемін жабысқа шай -
ырдан тұрақты түрде тазалап тұрыңыз. Бұл
үшін төсемі 24 сағатқа керосинге немесе
шайырды кетіру затына батырыңыз.
Тереңдікті шектеу механизмінің қозғалы-
сы қиындағанда бағыттауыш валик-
терді бірден майлау керек.
■ Аспапты майлау зауытта орындалған
жəне ауыстыруды қажет етпейді. Ауыр
жағдайларда ұзақ пайдаланғанда техни-
калық қарап шығуды тұрақты түрде өткізу
ұсынылады (Hilti сервистік орталығында).
Бұл аспаптың қызмет көрсету мерзімін көбей-
туге жəне жөндеуге деген қажет емес шығын-
дарды болдырмауға мүмкіндік береді.
■ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек
маман-электрикке тапсырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты, əсіресе тұтқыштың беттерін,
таза жəне құрғақ күйде, май мен май-
лайтын майдың іздерінсіз сақтаңыз.
Құрамында силикон бар тазалау затта-
рын қолдануға тыйым салынады.
Аспаптың сыртқы корпусы соққыға төзімді
пластмассадан жасалған. Корпустағы қап-
тама эластомерден жасалған. Жұмыс ке-
зінде ешқашан құрылғы корпусындағы жел-
дету саңылауларын жаппаңыз! Оларды құрғақ
щеткамен ақырын тазалаңыз. Аспап ішіне
бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз.

Publicité

loading