тогы соғуының үлкен қаупін тудырады.
b) Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде
тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыс-
тыру үшін тəжірибелі маман- электрикті
тартыңыз. Тұрақты түрде ұзартқыш
кабельдерді тексеріңіз жəне зақымдар
бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Егер жұмыс уақытында желілік не-
месе ұзартқыш кабель зақымдалған
болса, оған тиюге тыйым салынады.
Кабель айырын желілік розеткадан
шығарыңыз. Зақымдалған желілік не-
месе ұзартқы кабельдерді пайдалану
электр тогының соғу қаупін тудырады.
c) Токтан қорғау автоматын қолдану
жұмыс қауіпсіздігін арттырады.
1.3.4 Жұмыс орны
a) Жұмыс орнын жақсы жарықтандыру-
ды қамтамасыз етіңіз.
b) Жұмыс орнын жақсы желдетуді қам-
тамасыз етіңіз. Жұмыс орнының нашар
желдетілуі жоғары шаң жүктемесінің
салдарынан денсаулығыңызға зиян ти-
гізуі мүмкін.
1.3.5 Жеке қорғану жабдығы
Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін
адам жəне оның жанындағы тұлғалар тиісті
қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш шлемді,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптар-
ды жəне жеңіл респираторды киюі керек.
Қорғауыш
Қорғауыш
Қорғауыш
көзілдірікті
касканы
құлаққапты
киіңіз
қолданыңыз
қолданыңыз
Қорғауыш
Респираторды
қолғаптарды
қолданыңыз
қолданыңыз
Printed: 14.05.2014 | Doc-Nr: PUB / 5071332 / 000 / 02
All manuals and user guides at all-guides.com
2. Қолдану
Құрылғы жұмсақ жəне қатты ағашты, шере-
ні, жоңқалайтын тақтайшаларды, пластикті
жəне т.б. 85 мм кесу тереңдігімен аралауға ар-
налған. Металл заттарды кесуге тыйым са-
лынған! Құрылғының пайдаланушысы ка-
бельден ұстап тасу, ашаны кабельден ұстап
тартып алу сияқты мақсатынан тыс пайда-
ланудан пайда болған зақымдар үшін жауап-
кершілік көтереді. Көрсетілген параметр-
лерге сай емес (мысалы, диаметрі, айна-
лымдар саны, қалыңдығы бойынша) аралау
дискілерін, кесетін жəне тегістеу дискілерін,
сондай-ақ, тез кесетін болаттан (HSS бола-
ты) жасалған аралау дискілерін қолдануға
болмайды. Металдарды кесуге болмайды.
Электр құралдармен жұмыс істегенде ұсы-
нылған сақтық шараларын жəне жалпы қауіп-
сіздік техникасы талаптарын сақтау керек.
3. Аспаппен жұмыс істеу/
аспап функциялары
Жұмысты бастау алдында
Жұмысты бастау алдында кесетін дис-
кінің дұрыс бекітілуін жəне айналуын
тексеріңіз. Сыналанудан шығаратын пы-
шақ салынғанына көз жеткізіңіз.
■ Назар аударыңыз! Сыналанудан
шығара тын пышақты салу алдында
штепсельді розеткадан шығару керек.
Сыналанудан шығаратын пышақтың
қалыңдығы кесу енінен азырақ жəне дис-
кінің орталық бөлігінің қалыңдығынан
көбірек болуы керек.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынала-
нудан шығару пышағын пайдалану міндетті.
Бұл кесетін дискінің сыналануына кедергі
жасайды. Сыналанудан шығару пышағы ең
көп кесу тереңдігіне жеткенде салынады.
Бекітетін бұрандаларды 14 босатыңыз, сы-
наланудан босату пышағын 9 (5-сур.) са-
лыңыз жəне бұрандаларды қайта бекем-
деңіз 14.
■ Жұмысты бастау алдында аспаптан
барлық қосымша құралдар (кілттер жəне
т.б.) алынғанына көз жеткізіңіз.
Жұмысқа дайындық
■ Жұмыс уақытында аспапты берік
ұстаңыз, тепе-теңдікті жəне тұрақты қалып-
ты сақтаңыз.
■ Аспапты тек қорғауыш қаптама жа-
былған күйде қолданыңыз.
Желі кернеуі идентификациялық кестеше
деректеріне сай болуы керек.
Аспапты қосу жəне өшіру
■ Назар аударыңыз! Аспапты тек кесе-
тін диск дайындамаға тимей тұрғанда
ғана қосыңыз.
Қосу: Бір уақытта қосылуды 17 жəне өшу-
ді 18 бұғаттау түймелерін басыңыз.
Өшіру: сөндіргіш түймесін 18 жіберіңіз
Қол циркулярлық арасы кесетін дискінің ав-
томатты тежеуішімен жабдықталған. Сөндір-
гіш түймесін 18 жібере сала, тежелу про-
цесі басталады. Ол кесетін дискінің тез
тоқтауына əкеледі.
Кесетін дискіні қорғау
■ Кесетін дискіні зақымдардан сақтаңыз.
■ Ешқашан кесетін дискіні қатты бетке қой-
маңыз.
Бұл қатты қорытпалардан жасалған тіс-
тердің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Кесетін дискіні ауыстыру (3-сур)
■ Назар аударыңыз! Дискіні ауыстыру
алдында желілік сымды розеткадан ажы-
ратыңыз.
Аспапты мотор бөлігінде орналасқан тірек
қабырғаларына қойыңыз. Кесетін дискіні
құрастыру немесе демонтаждау кезінде
шпиндельдің қосылуын бұғаттау үшін шпин-
дельдің тоқтатқыш түймесін 10 басып
тұрыңыз.
Кесетін дискінің демонтажы (3-сур.)
Фланецті бұранданы бұрап босатуға ар-
налған алты қырлы кілт мотор қақпағының
астында орналасқан. Кесу тереңдігін рет-
теу иінтірегінің 1 көмегімен аспапты 0 күйі-
не (кесу тереңдігі) орнатыңыз. Бұранданы
11 алты қырлы кілтті 19 сағат тіліне кері ай-
налдыра отырып бұрап шығарыңыз жəне
бекемдеуге арналған фланецті 12 (3-сур)
шығарыңыз. Қорғауыш қаптаманы 13 артқа
қайырыңыз жəне оны ұстап тұрып, кесе-
тін дискіні алыңыз.
Кесетін дискіні құрастыру (3/5 сур.)
Кесетін дискіні құрастырғанда айналу бағыты-
на назар аударыңыз Диск тістері жəне ай-
налу бағытын көрсететін көрсеткіш қорғауыш
қаптаманың үстіңгі бөлігіндегі көрсеткіш-
пен бір бағытқа көрсетуі керек. Дискіні бе-
кемдеу фланецін 12 салып, бұранданы 11
бекемдеңіз. Дискіні бекемдеуге арналған
ішкі фланец 7 дұрыс орнатылғанын тек-
серіңіз жəне беттерді жоңқалардан жəне
басқа ластанулардан тазалаңыз. Сына-
ланудан босату пышағының қалыңдығы
аралау дискісінің кесу енінен кіші жəне
болат жүзінің қалыңдығынан үлкен не-
месе оған тең болуы керек.
■ Кесетін диск техникалық сипаттама-
лары бойынша аспапқа сай келетінін
тексеріңіз.
4. Шаңсорғыш аппарат
НҰСҚАУ
Қол дискілік арасы диаметрі 27 мм жүріс
шлангтарына арналған қосу келте құбы-
рымен жабдықталған. Шаңсорғыш шлан-
гін ара мен біріктіру үшін сəйкес адап-
тер керек болмайды.
135