Télécharger Imprimer la page

Philips RESPIRONICS AF811 SE Mode D'emploi page 99

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 5
Бетпердені тексеріп шығыңыз: жастықшасы қатайған немесе жыртылған болса, не
бір бөлшегі сынып қалған болса, бетпердені алмастырыңыз.
Терапия жабдығының қысымын тексеріңіз.
Тазарту нұсқаулығы
1. Бетпердені жылы сумен, жұмсақ ыдыс жуғышпен өз қолыңызбен жуыңыз.
Сақтық: Жұмсақ сұйық ыдыс жуғышты ғана пайдаланыңыз. Ағартқыш әк, спирт
немесе құрамында ағартқыш әк не спирт бар тазартқыш ерітінділерді, немесе
құрамында кондиционерлер не ылғалдатқыштар бар тазартқыш ерітінділерді
пайдаланбаңыз.
2. Пайдаланар алдында мұқият шайып ауада толық кептіріңіз.
Басқа дұрыс жанастырып қондыру.
1. Бетпердені науқастың бетіне сәл тигізе ұстап тұрып,
CapStrap басжүгенді басына сырғытып кигізіңіз. Басжүген
орнына түскеннен кейін шар-ұялы айналмалы қысқыштарды,
басжүгеннің ілгектері сыртқа қараған түрінде, қосыңыз.
2. Бетперденің мұрын-кеңсірікке жанасқанда неғұрлым аз батуы
үшін әрі оның жастықшасы астынан неғұрлым аз ауа шығып
кетуі үшін маңдай сүйеуіштің орналасу орнын лайықтаңыз
(2-ші сурет).
• Ең төменгі қалпында бетперде кеңсірікке ең қатты батады, ал оның жастықшасы
мұрынмен ең жақсы жанасады.
• Ең жоғарғы қалпында бетперде кеңсірікке ең жеңіл батады, ал оның
жастықшасының мұрынмен жанасуы азырақ болады.
3. Бөлек тұрған тыныс шығаратын тетікті көк стандарты буынға (SE) қосыңыз.
4. Құрылғымен бірге жүретін түтіктерді тыныс шығаратын құрылғыға қосыңыз.
5. Бетперде жайлы орнығып, жастықша астынан шығып кететін ауаның мөлшері
неғұрлым аз болу үшін, CapStrap бас бекітетін жоғарғы белдігіндегі ілгектерді
ағытып, оларды бетперде тығыз жанасқанша біртіндеп тартып қойыңыз. ТЫМ
ҚАТТЫ ТАРТПАҢЫЗ. Бетперде жайлы орнығып, жастықша астынан шығып кететін
ауаның мөлшері неғұрлым аз болу үшін, айналмалы қысқыштарда орналасқан
басжүген ілгектерін ағытып, оларды бетперде тығыз жанасқанша біртіндеп
лайықтаңыз. ТЫМ ҚАТТЫ ТАРТПАҢЫЗ.
6. Бейинвазивтік тыныс алдыратын аппаратты қосыңыз. Науқасқа әдеттегідей тыныс
ала берсін деп нұсқау беріңіз.
7. Шығып кететін ауаның мөлшерін азайту үшін және бетперде жайлы орналасу үшін
барлық ыңғайлау нүктелеріне ақырғы лайықтау жасаңыз.
Ескертпелер:
• Науқастың дене қалпы өзгергеніне байланысты бетперденің
астынан ауа шығып кететін болса, белдік тартылу кернеуін
лайықтап қалпына келтіріңіз.
• Белдіктерді тым қатты тартпаңыз. Шамадан
тыс қатты тарту ауаның шығуына себеп
болады не оны ұлғайтуы мүмкін.
Басжүгенді қосу және ажырату
CapStrap басжүгеннің пішім-дизайны басжүгенді
дұрыс әрі жайлы кигізуге мүмкіншілік береді. Бұл
бетпердені айналмалы қысқыштары бар төрт нүктелі бас бекіту
белдіктермен де бірге пайдалануға болады (REF 1015788).
CapStrap басжүгенді шешіп алу
Алдымен шарды ұясынан сыртқа әрі аулақ тартып
төменгі айналмалы қысқыштарды ағытыңыз
(3-ші сурет). Сосын CapStrap бас белдіктің ілгегін
(H) сәл бұрап, маңдай сүйеуіш кронштейнінен
ажыратыңыз.
Cap Strap басжүгенін алмастыру
CapStrap ілгегін (H) маңдай сүйеуіш кронштейндегі баулықтың артына
басып кіргізіңіз және олар сарт етіп бір біріне түскенше басыңыз
(4-ші сурет). Төменгі белдіктердегі айналмалы қысқыштардағы
шарларды басып, бетперденің сыртқы қалқаншасындағы ұяларына түсіріңіз.
2-ші сурет
3-ші сурет
4-ші сурет
99

Publicité

loading