Қолдану нұсқаулығы
AF811 SE бетті толық жабатын гель бетпердесі
Қолдану мақсаты
AF811 SE бетті толық жабатын гель бетперде науқастарға бейинвазивтік тыныс
алуға жанасу қамтамасыз ететін жабдық. Бұл бетперде тыныс алдыру тоқтап
қалған жағдайларын қадағалап отыратын лайықты дабылдар және қауіпсіздік
жүйелермен қамтамасыз етілген тыныс алдыратын аппараттарға қосалқы жабдық
ретінде қолдануы тиіс. Бұл аппараттар тыныс тоқтап қалған, тыныс тарылған не
ұйқы кезіндегі обструктивтік апноэ болған жағдайларда CPAP не оң қысымды
тыныс беріп аталмыш ахуалына дауа болады. Бетперде тек ауруханаларда/
жабық мекемелерде бір рет қолданылуға арналған. Бетперде бейинвазивтік тыныс
алудан пайда көретін лайықты науқастарда (>30 кг) қолдану керек.
Ескертпе: Тыныс шығаратын ауыз тетігі AF811 SE бетті толық жабатын гель
бетпердеге қондырылмаған. Тыныс шығаратын жеке құрылғы осы бетпердемен
бірге қолдану тиіс.
Ескертпе: Бұл бетперде құрамында табиғи латекс немесе ДЭГФ жоқ.
Белгілер
Ескерту немесе
сақтандыру
Құрамында табиғи
латексі жоқ
Ескертулер:
•
Бұл бетперде өмірді сақтап қалу үшін тыныс беруге жарамайды.
•
Тыныс шығаратын жеке құрылғы осы бетпердемен бірге қолдану тиіс.
•
Бұл бетперде CPAP немесе екі деңгейлік жүйемен пайдалану үшін медицина
қызметкердің не респираторлық терапевтің нұсқауымен пайдалануға арналған.
СРАР немесе екі деңгейлік терапия жүйесі қосылмаған болса немесе дұрыс
істемей тұрса, бұл бетпердені кимеңіз. Тыныс шығару ауыз тетігін бөгеп не бітеп
тастаушы болмаңыз. Ескерту түсініктемесі: CPAP жүйелері бетпердеден ауаны
сыртқа тұрақты шығарып тұратын булық тесіктері бар қосқыштарға орнатылған
арнаулы бетперделермен қолдануға арналған. CPAP машина қосылып дұрыс
істеп тұрған кезінде, CPAP машинасынан шыққан жаңа ауа бетперденің тыныс
шығару ауыз тетігі арқылы шыққан тыныс ауасын үрлеп кетіреді. Бірақ, CPAP
машинасы жұмыс істемей тұрғанда, бетперде арқылы таза ауа жеткілікті мөлшерде
берілмейді және тысқа шыққан ауа қайта жұтылуы ықтимал. Бұл ескерту CPAP
жүйелерінің көптеген үлгілеріне қатысты.
•
Егер бұл құралда оттегі пайдаланылатын болса, құрал істемей тұрған сәттерде
оттегі ағынын тоқтату керек. Ескерту түсініктемесі: Құрылғы жұмыс істемей
тұрғанда, оттегі ағып тұра берсе, онда тыныс алдыратын аппарат түтіктеріне
жеткізілген оттегі құрылғы ішінде іркіліп қалуы мүмкін. Құрылғы ішінде оттегінің
жиналуы өрт шығу қаупін төндіреді.
•
Оттегі жануға қолғабыс етеді. Ашық алау барда немесе шылым шеккен кезде
оттегін пайдаланбаңыз.
•
Қосалқы оттегі ағынының тегеуріні тұрақты болған жағдайда тыныспен ішке кіретін
оттегінің концентрациясы қысымды икемдеу параметрлеріне, науқастың тыныс
алу ерекшеліктеріне, таңдаған бетпердесіне және шығып кететін ауа деңгейіне
байланысты құбылып отырады. Бұл ескерту СРАР жүйесінің көптеген үлгілеріне
және екі деңгейлі терапияға қолданылатын машиналарға қатысты.
•
Кейбір пайдаланушылардың терісі қызарып, түршігіп, мазасы кетуі мүмкін. Мұндай
жағдайға душар болсаңыз, бетпердені пайдалануды
тоқтатып медицина қызметкеріне жолығыңыз.
Ескертпе
Қайтадан
пайдаланбаңыз
Қолдану үшін
нұсқауларға қараңыз
Қ АЗ А Қ ТІЛІ
97