Төрт нүктелі бас бекіту белдіктерін алып тастау
Алдымен шарды ұясынан сыртқа әрі аулақ тартып төменгі айналмалы қысқыштарды
ағытыңыз. Содан соң басжүген ілгектерін ағытып, маңдай сүйеуіштегі баулықтарынан
суырып алыңыз.
Төрт нүктелі бас бекіту белдіктерін орнына қайта салу
Жоғарғы белдіктегі басжүгеннің ілгектерін маңдай сүйеуіштегі
баулықтардан өткізіңіз (5-ші сурет). Ілгектерді
артқа қайырып басжүген белдіктеріне жапсырып
қойыңыз. Төменгі белдіктердегі айналмалы
қысқыштардың шарларын басып, бетперденің
сыртқы қалқаншасындағы ұяларына түсіріңіз.
Науқасқа маңайлау және бетпердені
алып тастау
Төменгі белдіктің айналмалы қысқыштарын
босатып бетпердені жоғары қарай сыпырып
алыңыз (6-ші сурет). Бұның арқасында науқасқа маңайлау
оңайға түседі. Толық алып тастау үшін төменгі белдіктің
айналмалы қысқыштарын босатып, түгел жиынтықты науқастың
басынан сыпырып алыңыз.
Төрт нүктелі бас бекіту белдіктерін қолданатын болсаңыз,
төменгі айналмалы қысқыштарды босатып, түгел жиынтықты
науқастың басынан сыпырып алыңыз.
Жастықша мен қалқанша жиынтығы
Бетперде бір науқаста қолдануға арналған, толық жинақталып
қолдануға дайын. Гель жастықшасын сыртқы қалқаншаға
орнатыңыз (7-ші сурет). Сосын қалқаншаны гель жастықшаның
үстіне салыңыз, бекіткіш шығыршықты сыртқы қалқаншаға
итеріңіз, қашан қосушы ілгектер сарт етіп орнына түскенше.
Жастықшаны тартып барлық бөлшектері орнына нық түскеніне
көз жеткізіңіз.
Жою
Жергілікті ережелерге сәйкес жойылады.
Қайта тапсырыс нөмірлері
1063048 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Үлкен, 1 дана
1063049 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Орташа, 1 дана
1063050 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Шағын, 1 дана
1063054 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Үлкен, 5 жиынтық
1063055 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Орташа, 5 жиынтық
1063056 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Шағын, 5 жиынтық
1019547 Respironics CapStrap басжүген ғана, 5 жиынтық
1015788 Respironics төрт нүктелі басжүген, айналмалы қысқыштарымен, 1 дана
452040
МА түтікке арналған нығыздайтын төсем, 10 жиынтық
Сипаттамалары
Өлі (кәдеге аспайтын) кеңістік
Шағын 260 мл
Орташа 280 мл
Үлкен 300 мл
Сақтау шарттары
Температура: -20 °C мен +60 °C аралығында
Салыстырмалы ылғалдылығы: Конденсациясыз, 15% және 95% аралығында
Respironics Inc.
1001 Murry Ridge Lane
Murrysville, PA 15668, АҚШ
100
Respironics Deutschland
Gewerbestrasse 17
82211 Herrsching,
© 2014 Koninklijke Philips N.V. Барлық құқықтары қорғалған
5-ші сурет
6-ші сурет
7-ші сурет