•
Егер бетпердені пайдалану кезінде немесе оны алып тастағаннан кейін төмендегі
нышандар пайда болса, науқастың дәрігеріне хабар ету керек: кеуде қуысындағы
әдеттен тыс қолайсыздық, ентігу, іш кебу, кекіру, қатты бас ауруы, көз құрғауы,
көз ауруы немесе жұқпалы көз аурулары, көз бұлдырлауы. (Аталмыш нышандар
сақтала берсе, онда офтальмологқа жолығып ақылдасыңыз.)
•
CPAP не EPAP қысымы төмен болған кезде, тыныс шығаратын ауыз тетік арқылы
шығатын ауа ағыны түтіктен барлық шыққан газды тазарту үшін жеткіліксіз болуы
мүмкін. Кейде ауаны қайта жұтуы мүмкін.
•
Бұл бетперде сөзге келмейтін, есеңгіреп қалған, сұрақтарға жауап бере алмайтын
немесе бетпердені өздігінен шешуге шамасы келмейтін науқастарда қолданбасын.
•
Егер науқас рецепт бойынша лоқсытатын бір дәрі ішетін болса, бұл бетпердені
пайдаланбағаны жөн.
•
Науқас контурына қосымша тыныс шығаратын құрылғы қосылатын болса, тыныс
шығаратын құрылғыдан қосымша шығып кететін ауа ағынының өтеу үшін қысым
деңгейін ыңғайлауы қажет болуы мүмкін.
•
Тыныс беретін аппарат істен шыққан жағдайда науқасқа тыныс алу мүмкіндігін
беретін асфиксияға қарсы қақпашық бұл бетперде құрамында жоқ.
•
Гель бетперде икемдеуге келмейді. Ысытып көруші болмаңыз.
•
Алғашқы пайдаланардан бұрын қолымен жуыңыз. Бетпердеде зақым не тозу
(жарық, сызат, жыртық, жастықша жыртылып оның гелінің ақтарылуы) болмауын
тексеріңіз. Қажет болса не бір жарамсыз боп қалған бөлшектерді алмастырып
тастаңыз.
•
Бұл бетперде бір рет қана пайдаланылады және
науқаста қолданылғаннан кейін зарарсыздандыруға не
тазартуға жатпайды. Бетпердені науқас пайдаланғаннан
кейін жойыңыз. Зарарсыздандырмай бірнеше науқаста
пайдалану түрлі ауруларды жұқтыру қауіп-қатерін
арттырады.
•
Бұл бетперде қайта қолдануға арналмаған. Бұл бетперде
науқас пайдаланғаннан кейін зарарсыздандырып немесе
тазартылған болса, оның қызметі техникалық сипаттарға
сәйкес келеді деуге Respironics компаниясы кепілдік бере
алмайды.
•
Мұрын немесе бетті толық жабатын бетпердені пайдалану
тістің, қызыл иектің немесе жақтың ауруына шалдықтырып
немесе тістің бұрыннан келе жатқан ауруын асқындыруы
мүмкін. Егер ауру нышандары пайда болса, өзіңіздің
дәрігеріңізбен не тіс дәрігерімен ақылдасыңыз.
Қарсы көрсетілімдер
Бұл бетпердені тыныс орталығының өзіндік белсенділігі жоқ
науқастарда қолдануға болмайды. Бұл бетперде төмендегі
денсаулық ақаулары бар науқастардың қолдануына жарамауы
мүмкін: кардия сфинктерінің қызметі нашарлағанда, шамадан
тыс рефлюкс болғанда, жөтел рефлексі бұзылғанда, және көк
еттің өңеш тесігінің жарығы (грыжа) болғанда. Бұл бетперде
сөзге келмейтін, есеңгіреп қалған, сұрақтарға жауап бере
алмайтын, немесе бетпердені өздігінен шешуге шамасы
келмейтін науқастарда қолданбасын.
Қолданудан бұрын
•
Нұсқаулықты толық оқып шығып, әбден түсініңіз.
•
Бетпердені қолымен жуыңыз.
•
Науқастың бетін жуып-тазалаңыз.
•
Бетперде мен басжүген өлшемдерінің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
•
Егер науқастың кеңсірігінде мұрын-асқазан (МА) түтігі не ұқсас бір құрылғы тұрса,
онда өзіңіздің қалауыңыз бойынша МА түтігін нығыздайтын төсемді қолданыңыз.
Төсемнің жалпақ жағын науқастың бетіне қаратып, ал С-пішінді ауызын түтікті
айнала орнатыңыз.
•
Терапиялық құрылғы, яғни тыныс алдыратын аппарат және оның дабылдары мен
қауіпсіздік жүйелерінің жарамдылығы пайдаланудан бұрын расталуы керек.
•
Бетперденің көк буынын тексеріңіз, және тыныс алдыратын аппарат істемей қалған
сәттерде науқасқа тыныс алуға мүмкіндік беретін асфиксияға қарсы қақпашығы
жоқтығын байқаңыз.
98
A
G
F
E
D
1-ші сурет
A = CapStrap
B = Маңдай кронштейні
мен маңдайлық
жастықшасы
C = Айналмалы қысқыш
(шар және ұясы)
D = Стандартты
22 мм көк буын (SE)
E = Бетперденің
сыртқы
қалқаншасы гель
жастықшасымен
F = Төрт қалыпты
маңдай сүйеуіш
G = Басжүген белдігі
B
C