156 | Қазақ
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (9) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптама қалпақ (16) мен жарылудан сақтайтын
пластинаны (15) қисық аралауда орнатуға болмайды.
– Аспирациялық келте құбырды (17) сәл жоғары итеріп,
оны тірек тақтасынан (9) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (16) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (15) алып тастаңыз.
– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4)
босатып, тірек тақтасын (9) ара төсеміне (10) қарай
аздап жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тірек тақтасының оң
және сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу
нүктелері бар. Тірек тақтасын (9) шкалаға (20) сәйкес
қажетті күйге қайырыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын
бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тірек тақтасын (9) аккумуляторға қарай
тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (19) қайтадан мықтап тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен
жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2)
басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін
ажыратқышты (3) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (3) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) іске қосу үшін
белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты
басыңыз.
Жүріс санын басқару/алдын ала таңдау
Қосқышты/өшіргішті (3) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
1 609 92A 9K1 | (20.06.2024)
Қосқышты/өшіргішті (3) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелек (1) көмегімен алдын ала таңдауға немесе
жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына
байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес
беріледі:
– ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін
дайындамаға қойған кезде,
– материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен
алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген
аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар
саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген
айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат
етілген температураға жеткеннен соң немесе
төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен
жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын
автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да,
электр құралын қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
белгісінің
туындайды.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде
u
әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша
аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде
заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз.
Жұқа аралар ең бастысы бүгілген кесіктер жасау үшін
жобаланған. Bosch сұрыпталымында тік кесіктер немесе
домалақ кесіктер жасауға мүмкіндік беретін керек-
жарақтар да бар (жұқа ара үлгісіне қарай, мысалы,
параллель тірек, бағыттауыш шина немесе айналмалы
кескіш).
Қолмен басқарылатын жұқа араларға әдетте "қашу"
қасиеті тән, яғни белгілі бір жағдайларда бұрыш пен кесік
дәлдігі қамтамасыз етілмейді. Дәлдікке шешуші әсер
ететін факторларға ара төсемінің қалыңдығы, кесік
Bosch Power Tools