Télécharger Imprimer la page

Bosch GST 18V-95 B Professional Notice Originale page 155

Publicité

Ара төсемін салу/алмастыру (керек-жарақ)
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір
тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара
полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын
пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
u
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
Ара дискісін (10) тістерін кесік бағытына қаратып ара
дискісінің бекіткішіне (13) тірелгенше жылжытыңыз.
Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы
бағыттауыш дөңгелектің (12) ойығында жатуына көз
жеткізіңіз.
Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
u
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносын шешу (B суретін қараңыз)
Ара полотносының бекіткішін (13) бағыттама бағытында
жоғарыға жылжытып ара полотносың (10) шығарыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина
(C суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (15) ағаш аралау кезінде
үстіңгі беттің жарылуына жол бермеуі мүмкін. Жарылудан
сақтайтын пластинаны тек мақұлданған ара төсемінің
түрлерімен және 0° кесік бұрышында пайдалануға рұқсат
етіледі.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (15) астыңғы жақтан
тіреу тақтасына (9) жылжытыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (керек-жарақ) (D суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (16) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (16) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (11)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (16) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (11) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (керек-жарақ) (E−F суреттерін
қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (17) тіреу тақтасының (9)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы ойықтар E суретінде
көрсетілгендей тіреу тақтасының (9) тиісті саңылауына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Сорғыш шлангіні (18) аспирациялық келтеқұбырға (17)
енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (18) шаңсорғышқа (керек-
жарақ) жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (15) орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Қазақ | 155
1 609 92A 9K1 | (20.06.2024)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 eb7 0