8. Сорғы тұтқасын төмен итеріп, сағат тілінің бағытымен бұраңыз (1).
▶ Сорғы тұтқасы құлыптан босатылады (2).
9. Резервуарда шамамен 2 бар қысым шығарыңыз (3).
▶ Максималды қысым 6 бар шамасынан аспауы тиіс (манометрдегі қызыл түсті сызық).
▶ Максималды қысымнан асырылса, сақтандырғыш клапан іске қосылып, артық қысымды
түсіреді.
10. Сорғы тұтқасын төмен басып, сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
▶ Сорғы тұтқасы құлыптанады.
6
Қызмет көрсету
6.1
Пайдалану
5
1. Су айдағыш бактың штекерлік жалғағышын жалғамалы ниппельге жалғаңыз (1).
2. Шар тәрізді шүмекті қолданыңыз.
▶ Сұйықтық жеткізу басталады.
▶ Сұйықтық мөлшерін шар тәрізді шүмек арқылы реттеуге болады.
3. Қысым 1 бар шамасынан төмен түссе, қосымша үрлеңіз (2).
4. Резервуар бос болса, оны толтырыңыз
6.2
Пайдаланғаннан кейін
1. Сақтандырғыш клапанның қызыл түсті тұтқасын резервуар қысымсыз болғанша жоғары тартыңыз.
2. Шар тәрізді шүмекті жауып, штекерлік жалғағыш пен жалғамалы ниппельді ажыратыңыз (1).
3. Сорғы тұтқасын құлыптаңыз.
4. Сорғыны резервуардан бұрап шығарыңыз.
5. Резервуардан қалған суды ағызыңыз.
6. Су жеткізу құрылғысын ылғалды шүберекпен сүртіп шығыңыз.
7. Шлангіні резервуарға орап, штекерлік жалғағышты су жеткізу құрылғысының жақтауына жалғаңыз
(2).
8. Су жеткізу құрылғысын кептіру және сақтау үшін құрғақ, күн сәулелерінен қорғалған және аяз
тимейтін жерге қойыңыз.
7
Техникалық қызмет және күтім көрсету
7.1
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстары
1. Аспапты жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
▶ 2 жыл сайын сыртқы тексеріс және 5 жыл сайын ішкі тексеріс, сондай-ақ 10 жыл сайын беріктік
тексерісін мамандандырылған шеберханада өткізуге кеңес беріледі
2. Сорғыны бөлшектеп [1], тығыздауыш сақина [a] мен манжетаны [b] майлаңыз.
3. Осы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын әрдайым 50 рет пайдаланған соң, алайда кемінде
жылына бір рет өткізіңіз!
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
8
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8.1
Ақаулықтар кестесі
Ақаулық
Су жеткізу құрылғысында
қысым пайда болмайды
*247636*
136.
6
Ықтимал себеп
Сорғы берік бұрап бекітілмеген
Сорғыдағы тығыздауыш сақина
ақаулы
247636
7
Шешім
▶ Сорғыны берік бұрап бекітіңіз.
▶ Аспапты Hilti қызмет көрсету
орталығында жөндеңіз.
Қазақ
137