Télécharger Imprimer la page

Hilti DWP 10 Notice D'utilisation Originale page 140

Masquer les pouces Voir aussi pour DWP 10:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3
Өнімге қатысты белгілер
1.3.1
Өнімдегі белгілер
Төмендегі белгілер өнімде қолданылады:
Қорғауыш көзілдірікті киіңіз
Жеңіл респираторды қолданыңыз
Қорғауыш киімді киіңіз
1.4
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Су жеткізу құрылғысы
Буын:
Сериялық нөмірі:
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл өнімге арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық деректерді оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылғыш аймақта жұмыс істемеңіз.
▶ Өнімнің домалап кетпеуін немесе құлап қалмауын қадағалаңыз.
▶ Өнімді кран немесе көтергіш құрылғы көмегімен тасымалдамаңыз. Өнім тасымалдау кезінде
қысымсыз болуы керек.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және аспаппен жұмыс істегенде ақылды
пайдаланыңыз.
Шаршаған кезде немесе есірткі, ішімдік не дәрі қабылдаған соң өнімді
қолданбаңыз. Өнімді қолданған кездегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға апарып соғуы
мүмкін.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз.
Өнімнің түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану құралдарын,
мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді, естуді
қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
▶ Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз.
▶ Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶ Денсаулық пен қауіпсіздікке қойылатын ұлттық талаптарды орындаңыз.
134
Қазақ
DWP 10
01
247636
*247636*

Publicité

loading