Télécharger Imprimer la page

Stihl EVC 7000.0 Notice D'emploi page 118

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
қазақ
■ Қозғалтқыштың оталдыру қондырғысы
ұшқын шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы немесе мерт
болуы, сондай-ақ мүлікке зиян келтірілуі
мүмкін.
Қозғалтқышты орнына бұрап
қатырылған оталдыру білтесімен
ғана іске қосыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған оталдыру білтелерін
қолданыңыз.
► Оталдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына жақсылап басыңыз.
■ Егер қозғалтқышқа жарамсыз бензин
құйылса, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
► Мерзімі өтіп кетпеген, этилденбеген
сапалы бензин қолданыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мәліметтерге назар аударыңыз.
4.3
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады.
Ішке тартылған газдар адамның
улануына әкелуі мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
қабілетіңіз нашарлаған, есту қабілетіңіз
нашарлаған немесе басыңыз айналған
жағдайда: жұмысты аяқтап, дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
■ Қозғалтқыш іске қосылған соң қызып кетуі
мүмкін.
Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Тазалау алдында қозғалтқыш суығанша
күтіңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
118
5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
■ Қозғалтқыш жоғары айналу жиілігінде
өшірілген кезде, қате оталдыру немесе
кейінгі оталдыру орын алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіруден бұрын 20 секунд
ішінде минималды айналу жиілігімен
жұмыс істетіңіз.
5
Қозғалтқышты жұмысқа
дайын ету
5.1
Жанармай
Қозғалтқыш STIHL құрылғысының багынан
бензинмен жабдықталады.
Қозғалтқышты этилденбеген бензинмен
пайдалануға рұқсат берілген. Этилденбеген
бензин азырақ қалдықтармен жанады,
оталдыру білтесіне қақтың тұруын азайтады
және газ шығару жүйесінің қызмет ету
мерзімін ұзартады. Бензин төмендегі
талаптарға сәйкес болуы тиіс:
– Бензин мерзімі өтіп кетпеген, таза және
этилденбеген.
– Бензиннің октандық саны 90-нан кем емес.
– Бензин құрамындағы этанол мөлшері 10%-
дан (E10) аспайды.
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus
жанармайын ұсынады. Бұл жанармайдың
құрамында бензол, күкірт және денсаулыққа
зиянды иістер жоққа жақын.
Назар аударыңыз
■ Дұрыс бензин құйылмаса, қозғалтқыш
зақымдалуы мүмкін.
STIHL компаниясы мерзімі өтпеген жоғары
сапалы бензинді пайдалануды кеңес береді,
екі тактілі қозғалтқыштарға арналған қоспаны
(май қоспасы бар бензинді) қолдануға тыйым
салынады.
Тұрып тұнған немесе ластанған бензин құюға
болмайды.
Бак ішінің шаң-тозаңмен және сумен
ластануына жол бермеңіз.
Тек рұқсат етілген бензинді қолданыңыз (E85
емес).
Соққылаған немесе сыңғырлаған шуылдар
естілген жағдайда бензин маркасын
ауыстырыңыз.
► Қажет болса, делдалға хабарласыңыз,
STIHL компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
5.2
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
0478-983-9914-B

Publicité

loading