• Аумақ және аумақтағы заттардың температурасын
анықтаңыз. Спецификация ларды қараңыз.
Белгіленген температуралардан тыс аумақтарда
пайдалану немесе ыстық немесе суық
заттармен жанасу камера зақымына әкелуі
мүмкін.
• Тексерілетін аумақта қандай да бір
қозғалмалы бөліктің бар-жоғын тексеріңіз.
Егер бар болса, шатысу қаупін азайту үшін
тексеру кезінде қозғалуға жол бермеу үшін
бұл бөліктерді ажырату керек. Тексеру
кезінде бөлшектер қозғалуының алдын алу
үшін тиісті құлыптау рәсімдерін орындаңыз.
Егер micro CA-350X тексеру камерасы жұмыс
үшін жарамды жабдық болмаса, басқа тексеру
жабдығын RIDGID компаниясынан алуға болады.
RIDGID өнімдерінің толық тізімі бойынша
RIDGID.com торабындағы RIDGID электрондық
каталогын қараңыз.
3. Micro CA-350X тексеру камерасын пайдалану
алдында оның дұрыс тексерілгеніне көз
жеткізіңіз.
4. Қолдану үшін дұрыс керек-жарақтарды
орнатыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Көзіңізді ластан және бөгде заттардан қорғау
үшін көзді қорғау құралын киіп жүріңіз.
Электр тогының соғуынан, шатысудан және
басқа себептерден жарақат алу қаупін азайту
үшін жұмыс нұсқауларын орындаңыз.
1. Тексеру камерасы мен жұмыс аумағының тиісті
түрде реттелгеніне және жұмыс аумағында
бөгде адамдар мен басқа да көңіл бөлінетін
нәрселердің жоқтығына кез жеткізіңіз.
2. Қуат түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
Кескіндеуіш шамдары ЖАНУЫ қажет және
одан кейін экрандық сурет пайда болады.
Бұл экран құрылғының жүктеліп жатқанын
көрсетеді. Өнім толығымен іске қосылғанда,
экран автоматты түрде тікелей экранға
ауысады.
micro CA-350x тексеру камерасы
11-сурет – Экрандық сурет
(Ескертпе: Нұсқасы шағын бағдарлама
жаңартылған сайын өзгереді.)
Тікелей экран
Тікелей экранда жұмыстың басым көпшілігі
орындалады. Камераға көрінетін нысандардың
тікелей кескіні экранға шығады. Экраннан
масштабтауға,
диодты
реттеуге және суреттер не бейне түсіруге
болады.
Экранның жоғарғы бөлігінде құрал режимін,
масштабтауды, SD™ картасы белгішесін (енгізілген
болса), қолжетімді жадты және үндеткіш/микрофон
ҚОСУ/ӨШІРУ тетігін көрсететін күй жолағы бар.
Төменгі жолақта уақыт белгісі ҚОСЫЛҒАН кездегі
күн мен уақыт туралы ақпарат көрсетіледі.
12-сурет – Тікелей экран
Тексеру камерасы ҚОСЫЛҒАН кезде әдепкі
режимі фотосуреттерді түсіру болады. Кез
келген уақытта мәзір түймесін бассаңыз,
мәзірге кіресіз. Мәзір ТІКЕЛЕЙ экранның
үстінен шығады. РЕЖИМ санатына ауысу үшін
оң жақ және сол жақ
пайдаланыңыз. Мәзір элементтерін шарлау
үшін жоғары және төмен көрсеткілерін
пайдаланыңыз және қажетінше
шам
жарықтығын
Күй
тақтасы
Ақпарат
жолағы
көрсеткі түймелерін
басыңыз.
411