Қолданба атауы
Bosch BeConnected
– Содан кейін қолданбада MyTools немесе Connectivity
тармағын таңдаңыз.
– Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр
құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру
үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі.
®
Bluetooth
арқылы деректерді тасымалдау
®
Кіріктірілген Bluetooth
Low Energy Module модулі
сигналды жүйелі түрде жіберіп тұрады. Қоршаған ортаға
байланысты электр құралының анықталуына дейін
бірнеше тарату аралығы қажет болуы мүмкін. Егер электр
құралы анықталмаса, төмендегіні тексеріңіз:
– Ақырғы мобильді құрылғыға дейінгі қашықтық тым
үлкен бе?
Ақырғы мобильді құрылғы мен электр құралының
арасындағы қашықтықты қысқартыңыз.
®
– Кіріктірілген Bluetooth
Low Energy Module модулінің
түймелі элементі тым әлсіз немесе оның заряды бос
па?
Түймелі элементті алмастыру үшін Bosch электр
құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
– Ақырғы мобильді құрылғыңызда Bluetooth
функциясын өшіріп, қайта қосыңыз.
Электр құралының енді анықталуын тексеріңіз.
Электр құралына қатысты функциялар
Bluetooth® Low Energy Module модулімен бірге электр
құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары
қолжетімді болады:
– Тіркеу және дербестеу
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен реттеулер
– Басқару
®
– Bluetooth
тасымалдау реттеулерін Favorite жұмыс
режимі үшін бейімдеу
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Электр құралына Bluetooth
u
модулі орнатылған болса, ол радио интерфейспен
жабдықталған болады. Жергілікті пайдалану
шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе
емханаларда ескеріңіз.
Bluetooth® радиотехнологиясы пайдаланылмайтын
u
аймақтарда Bluetooth® Low Energy Module модулін
қолданба арқылы өшіру қажет.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (G суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (15) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
Bosch Power Tools
®
®
Low Energy Module
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (6) басып,
тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (14) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (15) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе
SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау
тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік
шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (KickBack Control)
Жылдам өшіру тетігі (KickBack Control)
электр құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр құралдарымен
салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ
және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді,
жылдам өшіру индикаторы (20) қызыл түспен жанады
және жұмыс шамы (13) жыпылықтайды. Жылдам өшіру
функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (18)
қызыл түспен жыпылықтайды.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (10) жіберіп,
қайта басыңыз.
Енгізу құралын енгізу (H суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі
бар әмбебап ұстағыш қажет болады.
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне
автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек
бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді
пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау
төлкесін артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты құрал
бекіткішінен шығарып алыңыз.
Қазақ | 217
1 609 92A 9ES | (28.06.2024)