214 | Қазақ
Нұсқау: цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар
құралдарды "Бұрғылау" жұмыс режимінде ғана
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын
u
жаппаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу
қаупі бар.
Нұсқау: тек 6 және 10 мм аралығындағы диаметрге ие
цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар
құралдарды пайдаланыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (8) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
– Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен
мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы
гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап енгізілгенше
бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
– Цилиндрлік немесе алты қырлы алмалы-салмалы
аспапты бұрғылау патронына енгізіңіз.
– Артқы гильзаны (5) бір қолмен ұстап тұрып, басқа
қолмен алдыңғы гильзаны (4), шерту дыбысы
естілгенше, көрсеткі бағытымен мықтап бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Электр құралы өшірілген кезде ғана алмалы-салмалы
аспапты енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C2 суретін
қараңыз)
– Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен
мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы
гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап шығарылғанша
көрсеткі бағытымен бұрау арқылы құрал бекіткішін
ашыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын
u
ашпаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу
қаупі бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 9ES | (28.06.2024)
GDE 18V-16 арқылы шаң сору
(D суретін қараңыз)
Бетон мен тас шаңдарын сорып алу үшін GDE 18V-16
сорғыш құрылғысы қажет болады.
Бұл сору жүйесі ағаш, металл және пластмасса сияқты
шаңдар және денсаулық үшін зиянды шаңдар (мысалы,
асбест) үшін жарамды емес.
Пайдалану
Іске қосу
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (8) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (7)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (8)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (8) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу (E суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (9) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (10) басылғанда осы әрекетті
орындау мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9)
солға қарай тірелгенше итеріңіз.
– Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (9) оңға қарай тірелгенше
итеріңіз.
Bosch Power Tools