OBJ_BUCH-2541-001.book Page 160 Wednesday, May 13, 2015 9:28 AM
160 | Қaзақша
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды „Kundendienst und
Anwendungsberatung" тарауынан қараңыз.
Қорғағыш қаптаманы ұшқындардың оператор
жағына қарай ұшпайтындай етіп орнатыңыз.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Электр құралын мобильды электр көздермен
(генераторлар) пайдалануда қосулы кезінде қуаттың
төмендеуіне немесе әдеттегі болмаған әрекеттерге
алып келуі мүмкін.
1 609 92A 16M | (13.5.15)
Қатты басу арқылы электр құралын артық
жүктеуіңіз мүмкін. Артық жүктеу электр
құралының қызып кетуіне және зақымдауына
алып келуі мүмкін. Жоғары жүктемеден кейін
электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше
минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік
беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
Тез қысқыш гайкана тек қана ажарлау және кесу
дискілерінде пайдалану мүмкін. Бұзылмаған мінсіз
тез қысқыш гайкасын пайдаланыңыз.
Резеңке тегістеу тәрелкесімен немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын орнатыңыз.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып
түсіну үшін маңызды. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгі
Мағына
Өнім нөмірі
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз
Барлық жұмыстардан алдын электр
құралдың айырын розеткадан
шығарыңыз
Қорғау қолғабын киіңіз
Құлақ сақтағышын киіңіз.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз
Bosch Power Tools