● Шөпті артынан түсіретін шапқыш
ретінде пайдалану үшін түсіріп
тастау жапқышын жабыңыз, шөп
жинағышты іліп қойыңыз.
4. Жабындау жөніндегі
нұсқаулық
4.1 Жалпы ақпарат
Жабындау барысында шабылған шөп
пышақ əрекетінің аймағында ауа жіберу
есебінен бірнеше рет ұсақталады, кейін
қайтадан қыртыстың сыртына үрлеп
шығарылады. Шабылған шөп көгалдың
бетінде қалады.
Шабылған шөп шіріген кезде топыраққа
органикалық қоректік заттар береді
жəне табиғи тыңайтқыш болып
табылады.
Шөп жинағышты босатудың жəне
шабылған шөпті пайдаға асырудың
қажеті жоқ. Арамшөптердің өсуі
баяулайды жəне тыңайтқыштардың
айтарлықтай көлемі жинақталады.
4.2 Жабындау қалай жүзеге
асырылады?
● Жиілік:
Көктемде (негізгі өсу кезеңінде) кем
дегенде 2-рет аптасына, жаз бен күз
мезгілдерінде кем дегенде 1-рет
аптасына.
● Кесік биіктігі:
Шөп ұзындығын шамамен үштен бір
бөлігін кесіңіз, тек 3-тен 6-ға дейінгі
кесік биіктігін пайдаланыңыз.
● Жабындау тек құрғақ көгалда жүзеге
асырылады.
64
● Жақсы егелген пышақпен ғана жұмыс
істеңіз.
● Шабыс бағытын ауыстырып
отырыңыз жəне шабылып жатқан
беттердің қабатталуын қадағалаңыз.
● Өте биік шөпті сатылап өңдеу керек.
5. Техникалық қызмет
көрсету
5.1 Пышаққа техникалық
қызмет көрсету
● Пышаққа техникалық қызмет
көрсету жөніндегі нұсқауларды
көгалшапқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан таба аласыз, осы
нұсқаулықтар көп функциялы
пышаққа да қатысты болады. Көп
функциялы пышақты орнату
«Монтаждау» ( 3.1) бөлімінде
сипатталады.
● Пайдаланар алдында құрылғыны
тазалау позициясына қайырыңыз,
көп функциялы пышақты тазалаңыз,
зақымдалған жерлердің (шытынаған
жерлер, сызаттар) жəне тозу
белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз
жəне қажет болса, пышақты
ауыстырыңыз.
● Пышақ қалыңдығын (> 1,6 мм)
жылжымалы калибрдің көмегімен
пышақтағы (1) бірнеше жерден
тексеріп шығыңыз.
● Пышақ енін (> 55 мм) сызғыштың
көмегімен пышақта (1) тексеріп
шығыңыз.
6. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Көп функциялы пышақ AMK 443:
6338 702 0105
Көп функциялы пышақ AMK 448:
6358 702 0105
Пышақ бұрандасы:
9008 319 9028
Қыспа диск:
0000 702 6600
4
0478 909 9933 A - KK