13 Техникалық сипаттамалар
13 Техникалық сипаттамалар
13.1 STIHL AL 301-4 зарядтау құрылғысы
– Номиналды кернеу: паспорттық деректері бар
фирмалық тақтайшаны қараңыз
– Жиілігі: зауыттық тақтайшаны қараңыз
– Номинал күші: паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшаны қараңыз
– Қуаттау тогы: паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшаны қараңыз
Зарядтау уақыты www.stihl.com/charging-times
мекенжайы бойынша көрсетілген.
13.2 Ұзартатын сымдар
Ұзартатын сымды пайдаланған кезде тарамдардың
көлденең қимасының келесі минималды
көрсеткіштермен сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет,
ұзартатын сымның созылыңқылығы мен ұзындығына
қарай:
Зауыттық тақтайшадағы атаулы кернеу 220 В - 240 В
болса:
– Сымның ұзындығы 20 м-ге дейін: AWG (Сымдардың
Америкалық калибрі) 15 / 1,5 мм²
– Сымның ұзындығы 20 м-ден 50 м-ге дейін: AWG
(Сымдардың Америкалық калибрі) 13 / 2,5 мм²
Зауыттық тақтайшадағы атаулы кернеу 100 В - 127 В
болса:
– Сымның ұзындығы 10 м-ге дейін: AWG (Сымдардың
Америкалық калибрі) 14 / 2,0 мм²
– Сымның ұзындығы 10 м-ден 30 м-ге дейін: AWG
(Сымдардың Америкалық калибрі) 12 / 3,5 мм²
0458-829-9921-A
13.3 Температура шектері
Сақтандыру
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен қорғалмаған.
Егер аккумулятор қоршаған ортаның белгіленген
әсерлеріне ұшыраса, онда аккумулятор тұтануы немесе
жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды - 20 °C-тан төмен және + 50 °C-тан
жоғары температурада зарядтамаңыз.
► Аккумуляторды немесе зарядтау құрылғысын - 20 °C-
тан төмен немесе + 70 °C-тан жоғары температурада
сақтамаңыз.
13.4 Ұсынылатын температура диапазоны
Аккумулятордың және зарядтау құрылғысының оңтайлы
жұмыс істеуі үшін келесі температура диапазондарын
сақтаңыз:
– Қуаттау: + 5 °C-тан + 40 °C-қа дейін
– Сақтау: - 20 °C-тан + 50 °C-қа дейін
Егер аккумулятор ұсынылған температура
диапазонынан тыс қуатталса, пайдаланылса немесе
сақталса, өнімділігі төмендеуі мүмкін.
Егер аккумулятор дымқыл немесе ылғал болса, оны
+ 15 °C-тан жоғары және + 50 °C-тан төмен
температурада және 70 %-дан төмен ылғалдылықта кем
дегенде 48 сағат құрғатыңыз. Жоғары ылғалдылық
құрғау уақытын арттыруы мүмкін.
13.5 REACH
REACH дегеніміз химикаттарды тіркеуге, бағалауға және
жіберуге арналған ЕҚ қаулысы дегенді білдіреді.
REACH қаулысын орындауға арналған ақпарат төменде
келтірілген www.stihl.com/reach көрсетілген.
қазақ
289