Télécharger Imprimer la page

Stihl AL 301-4 Notice D'emploi page 282

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 32
қазақ
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында дұрыс емес болған желінің кернеуі
немесе дұрыс емес болған желінің жиілігі
қуаттағыштың артық жүктемесіне себеп болуы мүмкін.
Қуаттағыш бұзылуы мүмкін.
► Желінің кернеуі мен электр желісінің жиілігі
қуаттағыштың паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшасына сай келетініне көз жеткізіңіз.
► Зарядтау құрылғысы автокөлікте қолданылса:
автокөліктегі электр желісінің кернеуі мен жиілігі
зарядтау құрылғысының зауыттық тақтайшасындағы
деректерге сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
■ Егер зарядтау құрылғысы желілік розеткаға қосылған
болса, қуаттау кезінде электрлік сымдарға артық
жүктеме түсуі мүмкін. Электрлік құрамдастар қызып
кетіп, тұтану себебі болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақаттар алуы немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Желілік розеткадағы қуат сипаттамалары зарядтау
құрылғысының және желілік розеткаға қосылған
барлық электр құрылғыларының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген сипаттамалардан
аспайтындығына көз жеткізіңіз.
■ Дұрыс өткізілмеген байланыстырушы сым және
ұзартқыш сым зақымдалуы және оған адамдар сүрініп
қалуы мүмкін. Адамдар жарақат алуы, ал
байланыстырушы сым немесе ұзартқыш сым –
зақымдалуы мүмкін.
► Біроіктіруші сымды және ұзартқыш сымды адамдар
оған сүрінбейтіндей етіп өткізіңіз және белгілеңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
созылмайтындай және шатаспайтындай етіп
өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
зақымданбайтындай, қысылмайтындай немесе
қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды жылудан,
май мен химиялық заттардың түсуінен қорғаңыз.
280
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Біріктіруші сым мен ұзартқыш сымды құрғақ жерде
өткізіңіз.
■ Ұзартқыш сым жұмыс жасау кезінде қызып кетеді.
Жылуды бұру мүмкін болмаса, тұтану орын алуы
мүмкін.
► Кабель орауышы қолданылатын болса: кабель
орауышын толығымен тарқатыңыз.
■ Егер қабырға арқылы электр сымы және құбырлар
өтсе, олар қабырғаға қуаттағышты орнатқан кезде
зақымдалуы мүмкін. Электр сымдарымен жанасу
электр тогының соғуына әкеліп соғуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы және оларға материалдық нұқсан
келтірілуі мүмкін.
► Болжамды қондырғының орнында ешқандай
құбырлардың өтпейтіндігіне немесе электр
сымдарының жоқтығына көз жеткізіңіз.
■ Қуаттағыш осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай орнатылмаған болса, онда қуаттағыш
жылжып кетуі, құлап түсуі немесе қызып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық шығын
болуы мүмкін.
► Қуаттағышты осы нұсқаулықта сипатталғандай
монтаждау керек.
► Алдымен қуаттағышты орнатып, аккумуляторды
салыңыз.
■ Қуаттағыш автокөлікте орнатылуы мүмкін. Қуаттағыш
автокөлікте дұрыс орнатылмаған болса, онда
автокөліктің бөлшектері бүлінуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және материалдық шығын болуы мүмкін.
► Орнатуға дейін автокөлік өндірушісі директиваларын
ескеріңіз.
► Автокөліктің қуат желісіне қосу кезінде орнату
жөніндегі қолданыстағы ұлттық нұсқауларды
ұстаныңыз.
0458-829-9921-A

Publicité

loading