қазақ
4.4
Жұмыс кеңістігі және қоршаған орта
Сақтандыру
■ Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар зарядтау
құрылғысы мен электр тогының қауіптілігін түсінбеуі
және оған мән бермеуі мүмкін. Бөтен адамдар,
балалар және жануарлар ауыр жарақат алуы немесе
өлуі мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар алшақ
жерде болуы тиіс.
► Қуаттағыш балалардан алыс болғанына көз жеткізу
керек.
■ Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын кезінде
немесе ылғал ортада жұмыс жасау электр тогына
соғылуға әкеліп соғуы мүмкін. Пайдаланушы
айтарлықтай жарақат алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
► Жаңбырлы күні және ылғалды ортада
жұмыс істемеңіз.
■ Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен қорғалмаған.
Егер қуаттағыш қоршаған ортаның белгіленген
әсерлеріне ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты жабық әрі құрғақ орынжайда
қолданыңыз.
► Қуаттағыш автокөлікте орнатылып, пайдаланылады:
қуаттағышты автокөліктің жабық және құрғақ
аймақтарында орнатып, пайдаланыңыз.
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі
бар орталарда қолданбау керек.
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
► Қуаттағышты белгіленген температура шектерінен
тыс пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз, @ 13.3.
278
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы, ал қуаттағыш – бұзылуы
мүмкін.
► Байланыстырушы сымды еденге тегіс күйде
қойыңыз.
■ Қуаттағыш сұйықтықтары бар контейнерлерді немесе
заттарды сақтау үшін қолданылса, олар төңкерілуі,
жылыстауы немесе қуаттағыштың бұрамалы
қосылымдарын зақымдауы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және материалдық шығын болуы мүмкін.
► Зарядтау құрылғысын сақтау орны ретінде
қолданбаңыз.
4.5
Қауіпсіз күй
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш қауіпсіз күйде
болады:
– Қуаттағыш жұмысқа жарамды.
– Қуаттағыш құрғақ және таза.
– Аккумуляторлар қуаттағышқа салынған болса:
аккумуляторлар аккумулятор шахтасына толығымен
салынған және сарт етіп бекітілген.
Сақтандыру
■ Қауіпсіз емес күйде толықтырушы бөлшектер дұрыс
жұмыс істемеуі және қауіпсіздік қондырғысының күші
әрекет етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Жарамды қуаттағышты қолданыңыз.
► Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды болса:
қуаттағышты тазартыңыз және кептіріңіз.
► Аккумуляторды осы нұсқаулықтың сипаттамаларына
сай салыңыз.
► Қуаттағышты өзгертпеңіз.
► Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне тықпаңыз.
► Қуаттағыштың электрлік түйіспелері қысқа
тұйықталуы немесе металл заттарға қосылуы тиіс
емес.
0458-829-9921-A