Télécharger Imprimer la page

Hotpoint Ariston FH 62 IX /HA Mode D'emploi page 63

Masquer les pouces Voir aussi pour FH 62 IX /HA:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай өңделіп шығарылған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны қолданған уақытта пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
немесе дымқыл болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші
құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға жауапты болмайды.
• Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтері және пеш есігінің белгілі бөліктері
қатты қызады. Бұларға тимейтініңізге және
балалардан аулақ ұстайтыныңызға көз
жеткізіңіз.
• Басқа электр құрылғыларына арналған электр
кабелі пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін
тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
• Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер
байқаусызда құрылғы қосылатын болса, бұл
заттың жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің
""/"
" орнында екенін тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
ешқашан жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
• Орау материалдарын қайта пайдалану
мақсатымен тастаған кезде жергілікті қоршаған
орта стандарттарын қадағалаңыз. Ескі құрылғыны
тастағанда қолданылатын заң ережелерін
қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және
қайта өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек
жиналуы керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты
қоқыс жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта
бөлек жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Құрылғыны таңертең ерте немесе түстен кейін
кешірек пайдалану арқылы электр қуатын
қамтамасыз етуші компаниялардың жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
• BARBECUE (БАРБЕКЮ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан
жауып қою қажет. Ең жоғары нәтижеге жетіп,
электр қуатын үнемдейсіз (шамамен 10%).
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Көмек
Байланыс ақпараты:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
KZ
63

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Fh 62 /haFhr 640 /haFhr 648 /ha