Télécharger Imprimer la page

Sony SU-WL850 Informations D'installation page 488

Publicité

Қабырғаға орнататын
кронштейн
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушыларға
Теледидарды немесе СКД мониторды
қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ
КӘСІБИ ТҮРДЕ ОРНАТЫЛУЫ КЕРЕК
Бұл өнімді тек қабырғаның
теледидардың немесе СКД монитордың
салмағына шыдамдылығын анықтауға
жаттықтырылған кəсіби орнатқыш
орнатуы керек. Егер орнату барысында
дұрыс бекітілмесе, теледидар немесе
СКД монитор құлап, едəуір жарақаттауы
мүмкін. Sony компаниясы дұрыс
пайдаланбау, дұрыс орнатпау немесе
көрсетілген өнімнен басқасын
пайдалану салдарынан туындайтын кез
келген зақым немесе жарақат үшін
жауапты болмайды. Заңды құқығыңыз
(қандай да бір) жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тəжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы пайдалану нұсқаулығын толық
оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын жəне зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы пайдалану нұсқаулығындағы барлық
нұсқауларды оқу, мұқият түсіну жəне
орындау сіздің жауапкершілігіңізде. Олай
істемеу едəуір адам жарақатына немесе
мүлік зақымына жəне кепілдіктің күшінің
жойылуына себеп болуы мүмкін. Болашақта
ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты
қолжетімді жерде сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код
таңбасының коды келесі форматта
көрсетіледі: ЖЖЖЖ / ММ, мұнда ЖЖЖЖ
- жыл MM - өндіріс мезгілі.
Қазақстан жеріндегі тұтынушылардың
шағым-талаптарын қабылдауға уəкілетті
ұйым «Сони Электроникс» АҚ
Қазақстандағы Өкілдігі, 050010, Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы,
117/7 үй
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан
Минато-ку Токио, 108-0075 Жапония
Кеден одағы жеріндегі шетелден əкелуші:
«Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103,
Мəскеу, Карамышевский өтпе көшесі, 6
Қытайда жасалған
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Арнайы құрылғылар
Қабырғаға орнататын кронштейн
теледидарға немесе СКД мониторға
арналған құрылғылармен бірге қолдану
үшін жасалған. Қабырғаға орнататын
кронштейнді пайдалануға болатынын
тексеру үшін теледидарға немесе СКД
мониторға арналған «Анықтама
нұсқаулығы» бөлімін қараңыз.
Тұтынушыларға
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге əкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Қабырғаға орнататын кронштейн немесе
теледидар немесе СКД монитор дұрыс
орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы
мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату
жұмыстарын жүргізе алатындығына көз
жеткізіңіз.
 Теледидар немесе СКД монитор құлап,
дененің көгеруі немесе сынық секілді
ауыр жарақаттарға əкелуі мүмкін.
 Қабырғаға орнататын кронштейн
орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық
болса немесе еденге перпендикуляр
болмаса, құрал құлап, жарақатқа не
мүліктің зақымдануына əкелуі мүмкін.
Қабырға кемінде осындай алты
теледидардың немесе СКД монитордың
салмағын көтере алатындай болуы керек.
(Салмағын тексеру үшін теледидардың
немесе СКД монитордың «Анықтама
нұсқаулығы» бөлімін қараңыз.)
 Қабырғаға орнататын кронштейн
қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап,
жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына
əкелуі мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар немесе СКД
Монитор үстіне шығуға рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
− 3 (KZ) −
Теледидарды немесе
СКД мониторды
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензия бар мердігерлерден басқа
адамдар теледидарды немесе СКД
мониторды тасымалдаса немесе
бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе
мүліктің зақымдануына əкелуі мүмкін. Үлкен
теледидарды немесе СКД мониторды
тасымалдау үшін екі немесе көбірек адам
(189,3 см (75 дюйм) жəне одан үлкен
теледидар немесе СКД монитор үшін үш
немесе көбірек адам) керек (Мысырды
қоспағанда).
Үлкен теледидарды немесе СКД мониторды
тасымалдау үшін екі немесе көбірек адам
(75 дюйм (189,3 см) жəне одан үлкен
теледидар немесе СКД монитор үшін үш
немесе көбірек адам) керек (тек Мысыр
үшін).
Теледидарды немесе
СКД мониторды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
немесе СКД монитор құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға орнататын
кронштейннің
бөлшектерін
ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға
орнататын кронштейн құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан
басқа құралды
бекітпеңіз.
Осы қабырғаға орнататын кронштейн тек
арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін
жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына əкелуі
мүмкін.
Қабырғаға орнататын
кронштейнге
теледидардан немесе
СКД монитордан басқа
затты қолданбаңыз.
Теледидарды немесе
СКД мониторды солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
немесе СКД монитор құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
KZ

Publicité

loading