1.2 Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
•
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Ферма үйлерінде; дүкендердегі, кеңселердегі және
–
басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлер асүйінде
Қонақ үйлердегі, мотельдердегі, төсек және таңғы ас
–
ұсынатын қонақжайларда және басқа тұрғын
жерлердегі клиенттер.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері
•
пайдалану кезінде қызады. Қыздырғыш элементтерге
тиіп кетпеу үшін абайлау керек.
Құралды тазарту үшін бумен тазартқышты
•
пайдаланбаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
•
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Есік немесе есік тығыздағыштары зақымдалса,
•
құрылғыны білікті адам жөндегенше пайдаланбау керек.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
•
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруы
тиіс.
Шағын толқынды энергияның әсерінен қорғауды беретін
•
жабынды алуды қамтитын кез келген қызметті немесе
жөндеу жұмысын тек білікті адам жүзеге асыра алады.
Құрылғыны сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан
•
басқару жүйесі арқылы басқармаңыз.
Сұйықтықтарды және басқа тамақтарды тығыздалған
•
ыдыстарда қыздырмаңыз. Олар жарылуы мүмкін.
Тағам мен сусындарға арналған металл сауыттарды
•
шағын толқынмен пісірген кезде қолдануға рұқсат
берілмейді. Егер өндіруші шағын толқынмен пісіруге
арналған металл сауыттардың өлшемі мен пішімін
көрсетсе, бұл талап қолданылмайды.
Шағын толқынды пештерде пайдалануға болатын
•
құралдарды ғана пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ
139