Құрылғыны басқару және
тиісінше пайдалану әдісімен
танысыңыз.
Бірінші рет пайдалану
алдында сатушы немесе
басқа маман пайдалану
туралы нұсқаулар беруі
керек.
Бұл құрылғы дене, сезім
немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе тәріжибесі
және/немесе білімі жеткіліксіз
адамдардың (соның ішінде
балалардың) пайдалануына
арналмаған, бұған тек олар
олардың қауіпсіздігіне
жауапты адамның
бақылауында болса немесе
одан құрылғыны пайдалану
туралы нұсқаулар алса ғана
жол беріледі.
Балаларды қадағалау керек,
олар құрылғымен ойнамауы
керек.
Аэратормен реакция көрсету
қабілетіне әсер ететін
алкогольді, дәрі-дәрмекті,
есірткіні қабылдағаннан кейін
жұмыс істемеңіз.
Назар аударыңыз!
Аэратор тек көгалды күтуге
арналған, басқаша
пайдалануға болмайды,
әрі бұл қауіпті болуы және
құрылғының зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
Сәтсіз жағдай қаупі бар!
F KK
All manuals and user guides at all-guides.com
Қоғамдық орындарда,
саябақтарда, спорт
құрылыстарында, көшелерде,
ауыл және орман
шаруашылығында
пайдаланғанда әсіресе
сақтықпен жұмыс істеу керек.
Қыртыста тыйым салынған
нысандарды (көгалды суғару
құрылғылары, сутартқыш
шүмектер, бағандар)
айналып өту керек. Мұндай
бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Жарақаттарды болдырмау
үшін аэратор пайдаланушысы
оны келесідей жұмыс
түрлерінде пайдаланбағаны
жөн (толық емес тізім):
- бұталарды, тірі
қоршамдарды, тал-шілікті
кесу үшін,
- шырмалып өсетін
өсімдіктерді кесу үшін,
үйдің төбесіндегі, терезе
жәшіктеріндегі гүлзарды
күту үшін,
- ағаштарды ұсақтау және
ұнтақтау және
қоршамдарды кесу үшін,
- көртышқандардың індерінің
төмпешіктері сияқты
төбелерді тегістеу үшін.
Тұншығудан өлім қаупі
бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға
тұншығу қаупі төнуі мүмкін.
Орауыш материалды
балалардан алшақ ұстаңыз.
Назар аударыңыз!
Діріл денсаулыққа
қауіп төндіреді!
Діріл түсіретін ұзақ жүктеме
қан айналымының бұзылуына
әкелуі мүмкін. Дірілдің артық
жүктемесінен пайда болуы
мүмкін белгілер пайда болса,
дәрігерге көрініңіз.
Мысалы, мұндай белгілер –
сілею, бұлшықеттегі ауыру,
әлсіздік, тері түсінің өзгеруі
немесе шаншулар. Бұл
белгілер негізінен
саусақтарда, қолдарда және
білектерде пайда болады.
04.02 Тасымалдау
Корпустың үшкір
бөліктерінен жарақат
алуды болдырмау
үшін тек қолғап киіп жұмыс
істеңіз.
Тасымалдау кезінде
аймақтық тасымалдау
ережелерін, әсіресе,
жүктердің қауіпсіздігіне және
жүктеу орындарында
жүктерді тасымалдауға
қатысты ережелерді
ескеріңіз.
Тасымалдау алдында
құрылғыны өшіріңіз, желілік
штекерді шығарыңыз,
аэратор блогын тасымалдау
күйіне орнатыңыз және
пышақты тоқтатыңыз.
«Тасымалдау» тарауындағы
ақпаратқа назар аударыңыз.
04.03 Дайындық шаралары
- Балаларға және 16 жасқа
дейінгі жасөспірімдерге
аэраторды пайдалануға
ешқашан рұқсат етпеңіз.
Жергілікті заңнама
пайдаланушының ең төмен
жасын белгілеуі мүмкін.
- Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен таныспаған
адамдарға құрылғыны
пайдалануға рұқсат
етілмейді.
- Жақын арада балалар
немесе жануарлар
болғанда ешқашан
құрылғыны қоспаңыз.
- Оператор немесе
пайдаланушы басқа
адамдардың немесе оның
меншігінің қатысуымен
болған сәтсіз жағдайларға
жауапты екенін ескеріңіз.
Сондықтан әрқашан тікелей
орындалып жатқан
жұмысқа зер салыңыз.