Теледидар дұрыс
орнатылғаннан кейін
кабельдерді дұрыс
бекітіңіз.
Адамдар немесе басқа заттар кабельге
оралатын болса, жарақатқа не
теледидардың зақымдануына əкелуі мүмкін.
Айнымалы ток сымы
немесе қосу кабелі
қысылып қалмауы
керек.
Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі
құрал мен қабырға арасында қысылып
қалса, майысқан немесе күштеп оралған
болса, ішкі бағыттағыштар зақымданып,
қысқа тұйықталуға немесе электр көзінің
үзілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өрттің
пайда болуына немесе ток соғуға əкелуі
мүмкін.
Кронштейнді қабырғаға
бекітуге қажетті
бұрандалар берілмеген.
Қабырғаға бекіту кронштейнін бекіту кезінде
қабырғаның материалы мен құрылымына
сай бұрандаларды пайдаланыңыз.
KZ
− 5 (KZ) −