KZ
3:12:2 Music Limiter Mode (Музыканы шектегіш режимі)
Bluetooth арқылы музыка/дыбыс ағынын тасымалдағанда, FM радиосын тыңдағанда немесе
жабдықты сыртқы кіріске жалғағанда дыбыс деңгейін реттеудің екі параметрі бар.
ON (ҚОСУ)
Шектегіш дыбыс деңгейін 82 дБ (A) дейін төмендетеді.
OFF (ӨШІРУ)
Жалпы дыбыс деңгейін 8 сағаттан аса 82 дБ (A) Lэкв дейін шектейді.
Бұл режим қысқа уақыт бойы 82 дБА жоғарырақ дыбыс деңгейіне мүмкіндік береді. Бірақ, күнделікті 82
дБ(A) Lэкв дозасына жеткенде, дыбыс деңгейі айтарлықтай төмендейді.
Бұл мынадай дауыс хабарламасымен расталады: «daily dose reached» (күнделікті дозаға жеттіңіз).
Бұл дозиметр 24 сағат сайын бастапқы қалпына келтіріліп отырады.
Абайлаңыз: Батареялар алынып, ауыстырылса немесе зауыттық әдепкі параметрлер іске
қосылса, күнделікті доза шегінен асуы мүмкін.
3:12:3 Balance (Баланс)
Қоршаған дыбыстың сол-оң жақ теңдігін өзгертеді.
3:12:4 Equalizer (Эквалайзер)
Айналадағы дыбыстың жиілік сипаттамаларын өзгертеді.
• Low (Төмен)
• Normal (Қалыпты)
• High (Жоғары)
• Extra High (Өте жоғары)
3:12:5 Side tone volyme (Бүйірлік үннің дыбыс деңгейі) тек хэндсфри Bluetooth дыбысына
қолданылады
• OFF (ӨШІРУ)
• LOW (ТӨМЕН)
• NORMAL (ҚАЛЫПТЫ)
• HIGH (ЖОҒАРЫ)
3:12:6 Battery type (Батарея түрі)
Қайта зарядталатын батареялар пайдаланылса, «rechargeable» (қайта зарядталатын) опциясын
таңдаңыз.
Қайта зарядталмайтын батареялар пайдаланылса, «alkaline» (сілтілі) опциясын таңдаңыз.
3:12:7 Reset to Factory Default (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
Барлық функциялардың зауыттық параметрлерін қайтарады.
3:13 Сым арқылы сыртқы жабдықты жалғау
Сыртқы жабдықты 3,5 мм аудио кіріс (A:21) арқылы жалғауға болады.
4. ПАЙДАЛАНУШЫҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
• Құлаққаптарды осы нұсқаулыққа сәйкес тағу, реттеу, тазалау және техникалық қызмет көрсету керек.
• Қатты шу шығып тұрған жерде міндетті түрде құлаққапты тағыңыз.
• Киюші құлаққаптардың жұмыс істейтіндігін жиі тексеріп тұруы керек.
• Қаптарды, доғаны және құлақ жастықшаларын тұрақты түрде сабын мен жылы суды пайдаланып
тазалап/зарарсыздандырып тұрыңыз. Ескертпе: суға батырмаңыз!
• Бұл өнімге белгілі бір химиялық заттар кері әсер етуі мүмкін. Келесі ақпаратты өндірушілерден алу
керек.
• Құлаққаптар, әсіресе жастықшалар тозуы мүмкін, сондықтан олардың жарылмағанын және
ақпағанын жиі-жиі тексеру керек.
• Жастықшаларға гигиеналық қақпақтарды орнату құлаққаптардың акустикалық өнімділігіне әсер етуі
мүмкін.
• Өнімді сақтағанда, батареяларын шығарып қойыңыз. Аса суық жағдайларда қолданбас бұрын естуді
қорғау құралын жылытыңыз.
• Есту протекторын +55 °C температурадан асатын жерлерде, мысалы бақылау тақтасында немесе
178