Bosch LR 60 Professional Mode D'emploi page 129

Masquer les pouces Voir aussi pour LR 60 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
болса, Centre-Line режимін әр лазер қабылдағышында
бөлек іске қосу қажет болады.
Centre-Line режимін іске қосқаннан кейін, ротациялық
лазердегі ротациялық бастиек алға-артқа жылжиды. Іздеу
барысында мәтіндік индикаторда (e) CFX (X осі) немесе
CFY (Y осі) пайда болады.
Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) лазер
қабылдағышының ортаңғы сызығының биіктігінде кірсе,
мәтіндік индикаторда (e) XOK (X осі) немесе YOK (Y осі)
және ортаңғы сызық индикаторы (h) пайда болады.
Ротациялық лазерде табылған еңіс көрсетіледі. Centre-
Line режимі автоматты түрде аяқталады.
Centre-Line режимін доғару үшін Centre-Line режимінің
түймесін (17) басып тұрыңыз.
Егер лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы
сызығын қайыру диапазонының ішінде таба алмаса,
мәтіндік индикаторда (e) ERR хабары пайда болады және
барлық жарық диодты бағыт индикаторлары жанады.
Centre-Line режимін өшіру үшін ротациялық лазердегі
немесе лазер қабылдағышындағы кез келген түймені
басыңыз. Ротациялық лазерді және лазер қабылдағышын
ол ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында
орналасатындай етіп қайта орналастырыңыз. Лазер
қабылдағышы X осі немесе Y осі бойынша тураланғанына
көз жеткізіңіз, лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1)
көлденеңінен өтуі тиіс. Содан кейін функцияны қайта іске
қосыңыз.
Centre-Line режимінде еңісті есептеу
(D суретін қараңыз)
Centre-Line режимінің көмегімен ең көбі 8,5%
шамасындағы жазықтықтың еңісін өлшеуге болады. Ол
үшін ротациялық лазерді штативтегі көлденең күйдегі
еңіс табанына орнатыңыз. Ротациялық лазердің X немесе
Y осі өлшенетін еңіспен бір сызықта туралануы тиіс.
Ротациялық лазерді қосып нивелирлеңіз.
Лазер қабылдағышын ұстағышпен өлшегіш рейкаға (25)
бекітіңіз. Өлшегіш рейканы еңкейтілген жазықтықтың
табанына, өлшеу құралына жақын орнатыңыз. Лазер
қабылдағышын ротациялық лазердің сәулесі ортаңғы
ретінде көрсетілетіндей өлшегіш рейкада биіктігі
бойынша туралаңыз ➊.
Содан кейін өлшегіш рейканы лазер қабылдағышымен
еңкейтілген жазықтықтың шетіне қойыңыз ➋. Лазер
қабылдағышының өлшегіш рейкадағы позициясы
өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз.
Еңкейтілген жазықтықта тураланатын ось үшін Centre-
Line режимін іске қосыңыз. Centre-Line режимінен
Ақаулықтарды жою
Мәтіндік
Мәселе
индикатор (e)
PNK
Bluetooth® арқылы ротациялық
лазермен GRL 600 CHV байланыс
орнату сәтсіз аяқталды
Bosch Power Tools
шыққаннан кейін, ротациялық лазерде жазықтықтың еңісі
көрсетіледі.
Стробоскопты қорғайтын сүзгілер
Лазер қабылдағышында стробоскоп шамдарына
арналған электрондық сүзгілер бар. Сүзгілер, мысалы,
құрылыс машиналарының ескерту шамдарынан
туындайтын ақаулықтардан қорғайды.
Пайдалану нұсқаулары
Ватерпаспен туралау
Ватерпастың (7) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен
(перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта
белгісі (9) қабылдау өрісінің (1) ортасынан өтетін болса,
оның көмегімен лазер сәулесінің биіктігін белгілеуге
болады.
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен
(көлденең лазер сәулесінде ) немесе көлденеңінен (тік
лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Ұстағышпен бекіту (E суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ұстағыштың (23) көмегімен
өлшегіш рейкаға (25)(керек-жарақ) да, макс. ені 65 мм
құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады.
Ұстағышты (23) бекіткіш бұрандамен (26) лазер
қабылдағышының артындағы бекіткішке (11) бұрап
бекітіңіз.
Ұстағыштың айналмалы түймесін (24) жіберіңіз,
ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (25) жылжытып,
айналмалы түймені (24) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ватерпастың (21) көмегімен ұстағышты (23) және лазер
қабылдағышын көлденеңінен туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (22) ортаңғы
белгімен (9) бірдей биіктікте орналасқан және лазер
сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Магнитпен бекіту (F суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын
магниттердің (10) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
болады.
Шешім
Қате туралы хабарды жабу үшін ротациялық лазердегі
қосу/өшіру түймесін қысқаша басыңыз. Байланыс
орнату әрекетін қайтадан бастаңыз.
Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bosch қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз.
Қазақ | 129
1 609 92A 596 | (25.10.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières