Bosch LR 60 Professional Mode D'emploi page 128

Masquer les pouces Voir aussi pour LR 60 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
128 | Қазақ
– түймені әр басқан сайын,
– лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) үстінен жылжыған
кезде.
Дисплей жарығы мына жағдайларда автоматты түрде
өшеді:
– лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде,
түймені әр басқан сайын 30 с ішінде,
– ешбір түйме басылмаған кезде және лазер сәулесінің
қабылдау өрісіндегі позициясы өзгермеген кезде,
2 минут ішінде.
Дисплей жарығын реттеу мәзірінде өшіруге болады.
Дисплей жарығының реттеуі лазер қабылдағышын
өшірген кезде жадқа сақталмайды. Лазер қабылдағышын
қосқаннан кейін, дисплей жарығы әрдайым қосылады.
Реттеулер
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) позициясын
"ортаңғы" ретінде көрсету дәлдігін белгілеуге болады.
Ортаңғы сызық индикаторының ағымдағы реттеуі
қабылдау дәлдігінің индикаторында (c) көрінеді.
Қабылдау дәлдігін өзгерту үшін қабылдау дәлдігін реттеу
түймесін (18) дисплейде қалаулы реттеу көрсетілгенше
басыңыз. Қабылдау дәлдігін реттеу түймесін әр басқан
сайын мәтіндік индикаторда (e) қабылдау дәлдігінің тиісті
мәні қысқа уақытқа көрсетіледі.
Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде
жадқа сақталады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы
сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды
өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін
дыбыстық сигнал түймесін (20) дисплейде қалаулы
дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі
төмен болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы
(g) бір сызықшамен, ал дыбыс деңгейі жоғары болса, 3
сызықшамен пайда болады, дыбыстық сигнал өшірулі
болса, индикатор сөнеді.
Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер сәулесі
қабылдау өрісіне (1) алғаш рет кірген кезде, растау
ретінде төмен дыбыс деңгейіндегі қысқа сигнал беріледі.
Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Реттеу мәзірі
Реттеу мәзірін шақыру: X осінің түймесін (16) және Y
осінің түймесін (15) бір уақытта басыңыз.
Реттеуді ішкі мәзірдің ішінде өзгерту: реттеулер
арасында ауысу үшін X осінің түймесін (16) немесе Y
осінің түймесін (15) басыңыз. Соңғы рет таңдалған реттеу
мәзірден шыққан кезде автоматты түрде жадқа
сақталады.
Ішкі мәзірді ауыстыру: келесі ішкі мәзірге өту үшін
Centre-Line режимінің түймесін (17) басыңыз.
1 609 92A 596 | (25.10.2019)
Реттеу мәзірінен шығу: Centre-Line режимінің түймесін
(17) реттеу мәзірі жабылғанша басыңыз. Оған қоса
реттеу мәзірі түймені соңғы рет басқаннан кейін шамамен
10 с ішінде автоматты түрде жабылады.
Төмендегі ішкі мәзірлер қолжетімді:
– Салыстырмалы биіктік индикаторының өлшем
бірлігі: өлшем бірліктерінің мәзірін шақырған кезде,
ағымдағы уақытта таңдалған өлшем бірлігі мәтіндік
индикаторда (e) көрсетіледі, қолжетімді өлшем
бірліктері өлшем бірлігінің индикаторында (d)
көрінеді.
– Жарық диодты бағыт индикаторлары (LED): 3
жарық диодты бағыт индикаторын (2), (4) және (3)
жарықтығы бойынша өзгертуге немесе өшіруге
болады. Жарық диодтары таңдалған реттеуде тиісінше
жанады.
– Дисплей жарығы (LIT): дисплей жарығын қосуға
(жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге
(қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
– Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы
(MEM): лазер сәулесінің қабылдау өрісінен шығу
бағытының индикаторын қосуға (жасыл түсті жарық
диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық
диоды жанады) болады.
Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей
жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа
сақталады.
Функциялар
Centre-Line режимі (тек GRL 600 CHV үлгісімен)
(C суретін қараңыз)
Centre-Line режимінде ротациялық лазер ротациялық
бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер
қабылдағышының ортаңғы сызығын автоматты түрде
туралауға әрекеттенеді.
Лазер сәулесін ротациялық лазердің көлденең күйінде
ротациялық лазердің X осіне, Y осіне немесе екі осіне
қатысты бір уақытта туралауға болады (қараңыз „Centre-
Line режимінде еңісті есептеу (D суретін қараңыз)",
Бет 129). Ротациялық лазердің тік күйінде тек Y осі
бойынша туралауға болады.
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышын лазер
қабылдағышы ротациялық лазердің X осінің немесе Y
осінің бағытында орналасатындай етіп орнатыңыз. Егер
лазер сәулесін екі ось бойынша туралау қажет болса,
ротациялық лазерге қосылған әр лазер қабылдағышын X
және Y осьтерінің бағытында орналастырыңыз. Әр лазер
қабылдағышы ротациялық лазердің ±8,5% шамасындағы
қайыру диапазонында орналасуы тиіс.
Ротациялық лазерді ротациялық жұмыс режимінде
қосыңыз.
Centre-Line режимін X осі бойынша іске қосу үшін
Centre-Line режимінің түймесін (17) басыңыз, Y осі
бойынша іске қосу үшін Centre-Line режимінің түймесін
(17) Y осінің түймесімен (15) бірге басыңыз. Егер лазер
сәулесін екі ось бойынша бір уақытта туралау қажет
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières