OBJ_BUCH-828-006.book Page 144 Friday, July 1, 2016 12:52 PM
144 | Қaзақша
Батарея бөлімінің қақпағын 6 ашу үшін құлпын 7
басып, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
Батареяны салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі
суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс
орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея көрсеткіші 8 жыпылықтаса, онда батарея
заряды аз. Өлшеу құралы алғашқы жыпылықтаудан
соң әлі шам. 2 сағ жұмыс істей алады.
Батарея көрсеткіші 8 үздіксіз жанса, онда өлшеуді
жалғастыруға болмайды. Өлшеу құралы қысқа
уақыттан соң автоматты өшеді.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Егер ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз батареяны
өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт
жатқан батареяларды тот басуы және зарядын
жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Үлкен температура тербелулері жағдайында
алдымен өлшеу құралын температурасын дұрыстап
соң пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе
температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе
түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралының зақымдануы
себебінен дәлдігі төменделуі мүмкін. Қатты соғылу
немесе түсуден соң лазер сызықтарын немесе
қалыпты сәулелерді тексеру үшін белгілі жатық
немесе тік тірек сызықпен немесе тексерілген
перпендикуляр табанымен салыстырыңыз.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу-ажырату пернесін 3
бір рет қысқа басыңыз. Өлшеу құралы қосылудан соң
бірден үш 0°, 45° және 90° лазер сызықтарын 1 шығыс
1 609 92A 1Z2 | (1.7.16)
тесіктерінен шығарады, және батарея көрсеткіші 8
3 сек жанады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Екінші рет қосу-ажырату пернесі 3 басылғанда өлшеу
құралы 3 сызықтық жұмыстан 2 сызықтық жұмысқа
ауысады: енді тек 0°- пен 90° лазер сызықтары
көрсетіледі.
Өлшеу құралын ажырату үшін қосу-ажырату пернесін
3 үшінші рет басыңыз.
Өшу автоматикасын өшіру
Өлшеу құралы 30 мин жұмыс істегеннен соң
автоматты өшеді.
Өшу автоматикасын ажырату үшін, өлшеу құралын
қосуда 3 сек қосу-ажырату пернесіне 3 басыңыз. Өшу
автоматикасы өшкенде лазер сызықтары қосудан соң
растау үшін қысқа жыпылықтайды.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен
адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Автоматты өшуді белсенді ету үшін өлшеу құралын
ажыратып, қосу-ажырату пернесін 3 қысқа басып,
қайта қосыңыз. Қосудан соң лазер сызықтары
жыпылықтамайды.
Бұрыш дәлдігі
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер
сәулесін ауытқуы мүмкін.
Ол үшін өлшеу құралын жұмыс аймағына
мүмкіндігінше жақын ұстаңыз да, астыңғы жағымен
жұмыс аймағына параллельді бекітіңіз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып
келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу
дәлдігін тексеріңіз.
Бұрыш дәлдігін тексеріңіз
Тексеру үшін қатты тегіс табанда шам. 10 x 5 м бос
аймақ керек.
Bosch Power Tools