Télécharger Imprimer la page

Lux Tools B-RM-46HM Notice Originale page 172

Tondeuse à essence

Publicité

KAZ
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . . 172
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . 172
Құрылғыға шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . 177
Монтаждау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 177
Пайдалануға беру . . . . . . . . . . . . . . . 178
Пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 179
Тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 179
Сақтау, тасымалдау . . . . . . . . . . . . . . 181
Ақаулықтар жəне оларды жою
тəсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 182
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 182
Техникалық сипаттамалар . . . . . . . . 183
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . 189
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Құрылғы үй іргесіндегі телімдердің көгал-
дарын шабуға арналған.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арнал-
маған. Жазатайым оқиғадан сақтандыра-
тын жалпы ережелерді жəне қауіпсіздік
техникасы бойынша берілген нұсқауларды
ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көр-
сетілген əрекетті ғана жүзеге асыру қажет.
Кез келген өзгеше пайдалану тыйым
салынған қате қолданыс болып есепте-
леді. Өндіруші мұндай қолданыс нəтижесі-
нен туындаған зақымдар үшін жауапкер-
шілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар
пайдалану бойынша нұсқаулықта анық
көрсетілген. Келесі белгілер пайдаланы-
лады:
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей
қауіп немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге немесе ауыр жарақатқа
алып келетін тікелей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін
қауіп немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге немесе ауыр жарақатқа
алып келетін жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу
қаупі туындауы мүмкін!
Жарақаттарға алып келуі мүмкін
қауіпті оқиға.
172
All manuals and user guides at all-guides.com
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Бензинді көгалшапқыш
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы-
ның зақымдалу қаупі бар! Мате-
риалдық шығынға алып келуі мүм-
кін оқиға.
Нұсқау: Процестерді жақсырақ
түсіну үшін берілген ақпарат.
Бұл белгілер жеке қорғану құралдарының
қажеттілігін білдіреді:
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
• Құралды сенімді пайдалану үшін қол-
данушы алғаш қолданар алдында пай-
далану жөнінде осы нұсқаулықты оқып
шығуы керек.
• Қауіпсіздік шаралары бойынша барлық
нұсқауларды орындаңыз! Егер
қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша
нұсқауларды ескермесеңіз, өзіңіз бен
басқаларға қауіп төндіресіз.
• Пайдалану бойынша нұсқаулық пен
қауіпсіздік бойынша нұсқауларды бола-
шақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны
біреуге берсеңіз, оған міндетті түрде
пайдалану бойынша нұсқаулықты қоса
беріңіз.
• Аспапты тек ақаусыз күйде қолдану
рұқсат етіледі. Егер аспап немесе оның
бөліктері жарамсыз болса, мамандар-
дың көмегіне жүгініңіз.
• Аспапты жарылыс қауіпті жағдайдағы
жайларда, сонымен қатар, жанғыш сұй-
ықтықтар мен газдардың жанында қол-
данбаңыз.
• Пайдаланылған газдармен улану қаупі
бар! Қозғалтқышты жабық үй-жайларда
іске қосуға жəне пайдалануға тыйым
салынады.
• Қозғалтқышты міндетті түрде өшіріңіз:
– əрқашан, аспаптың жанынан кеткіңіз
келгенде
– аспапқа жағармай құю алдында
• Қозғалтқыштың қозғалыстан шығуы
кезінде дроссельді жапқышты жабу
керек. Егер қозғалтқышта тиек бензин
шүмегі бар болса, жұмыс аяқталғаннан
кейін оны міндетті түрде жабу қажет.

Publicité

loading