Анықтама және қосымша
Жауаптар, жаңартулар және ақпарат алу:
• Анықтама мына жерде: телефоныңызды пайдалану әдісін үйрену және қолдау
алу үшін басты экранда жоғары қарай сырғытыңыз да, Настройки > Справка
тармағын түртіңіз.
• Қосымша: бағдарламалық жасақтаманы, пайдаланушы нұсқаулықтарын және басқа
материалдарды www.motorola.com/mymotoedge мекенжайы бойынша алыңыз.
• Қолданбаларды алу: қолданбаларды шолу және жүктеп алу үшін Play Маркет
белгішесін түртіңіз.
Құқықтық ақпарат. Бұл нұсқаулықта өнімді пайдаланар алдында оқылуға тиісті
маңызды құқықтық, қауіпсіздік туралы және нормативтік ақпарат берілген. Толық
құқықтық ақпарат алу үшін басты экраннан жоғары қарай жанап өтіңіз де,
Настройки >
немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
Зарядтау және батареяның қауіпсіздігі. Ықтимал күйіп қалу және жарақат алу
қаупін болдырмау үшін, телефондағы батарея Motorola компаниясы мақұлдаған
қызмет көрсету орталығында немесе сондай біліктілікке ие маман тарапынан
шығарылуы керек.
Егер телефон жауап бермей қалса, Қуат түймесін, экран өшіп, телефон қайтадан
қосылғанша басып тұрыңыз. Жылдамырақ зарядтау үшін телефоныңызды Motorola
125W USB-C Power Delivery (PD) зарядтағышы (бөлек сатылуы мүмкін) және қорапқа
салынған Motorola PD кабелі арқылы зарядтаңыз. Құрылғыны зарядтау үшін басқа
үйлесімді зарядтағыштар мен кабельдерді пайдалануға болады. Алайда мұндай
зарядтағыштарды/кабельдерді пайдаланбауға кеңес беріледі және олар зарядтау
жылдамдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Телефоныңызды -20 °C (-4 °F)
шамасынан төмен немесе 45 °C (113 °F) шамасынан жоғары температурада
зарядтамаңыз. Қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін
зарядтағыштар қауіпті болуы, өлім немесе жарақат алу қаупіне ие және баяу
зарядталуы немесе өнімді зақымдауы мүмкін. Қолданыстағы стандарттарды немесе
қосымша ақпаратты көру үшін осы нұсқаулықтың "Құқықтық ақпарат" бөлімін
қараңыз немесе мына мекенжайға өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
Жоғары дыбыс деңгейін пайдалану бойынша ескертпе. Есту жүйесін
зақымдап алмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт тыңдамаңыз.
Құлаққабыңыздың дыбыс деңгейі жоғары деңгей шегіне жеткен кезде, ескерту
көрсетіледі. Оны жабу үшін OK түймесін түртіңіз немесе бірден бес секундқа дейін
күтіп, ескертуді жабу және дыбыс деңгейін әрі қарай реттеу үшін дыбыс деңгейін
көтеру түймесін басыңыз.
Кәдеге жарату және қайта өңдеу. Өнімдер мен қаптаманы
жауапкершілікпен қайта өңдеу бойынша анықтама алу үшін мына жерге
өтіңіз: www.motorola.com/recycling.
1-класты лазер. Бұл құрылғы 1-класты лазер өнімі ретінде
жіктеледі және IEC60825-1:2007 және IEC60825-1:2014
стандарттарына сәйкес қалыпты жағдайларда пайдалану үшін қауіпсіз болып
саналады. Бұл құрылғы, 24 маусым 2007 жылы шығарылған лазер туралы
50-хабарлама негізіндегі ауытқуларды есепке алмағанда, 21 CFR 1040.10 және 1040.11
ережелеріне сәйкес келеді. Түрлендіруге немесе бөлшектеуге әрекет жасамаңыз.
Тым ыстық немесе суық жер. Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен
немесе 45°C (113°F) шамасынан жоғары температурада пайдаланбаңыз.
Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе 60°C (140°F) шамасынан
тармағын түртіңіз, содан кейін Юридическая информация теріңіз
38
CLASS 1 LASER PRODUCT