Нұсқау: жұмыс температурасы 45 °C шамасынан жоғары
болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге
болмайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады:
– Қиылысу режимі (C суретін қараңыз): бір көлденең
және бір тік лазер сызығын шығарады,
– Көлденең режим (D суретін қараңыз): көлденең лазер
сызығын шығарады,
– Тік режим (E суретін қараңыз): тік лазер сызығын
шығарады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде
болады. Көлденең жұмыс режимі (7) және тік жұмыс
режимі (6) түймелерінің көмегімен көлденең және тік
лазер сызықтарын бір-бірінен тәуелсіз қосып өшіруге
болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама
ұстағышқа (13) немесе штативке (23) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (3) "
On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4°
шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері
жылдам жыпылықтайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып,
өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы
±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер
сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік
сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін
ажыратқышты (3) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті
бұғаттау индикаторы (9) қызыл түспен жанып тұрады
және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде,
нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын
Bosch Power Tools
еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір-
біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен
нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың
нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанында ұстағышқа
немесе штативке монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс
бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс режимінде іске қосып,
қиылысу режимін таңдаңыз.
A
5 m
– Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(Ⅰ нүктесі).
Қазақ | 125
B
1 609 92A 5TD | (01.07.2020)