Télécharger Imprimer la page

Bosch GLL 2-10 G Professional Notice Originale page 124

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
124 | Қазақ
Жинау
Батареяларды салу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын
пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын (11) ашу үшін
ысырманы (12) басып, қақпақты алып тастаңыз.
Батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Егер батареялардың заряды төмендеп кетсе, лазер
сызықтарының жарықтығы баяу төмендейді.
Егер батареялардың заряды таусылған дерлік болса, күй
индикаторы (8) жасыл түспен жыпылықтайды. Өлшеу
құралы алғаш рет жыпылықтағаннан кейін шамамен
1 сағат жұмыс істей алады.
Оған қоса лазер сызықтары әр 10 минут сайын шамамен
5 секундқа жанады.
Батареялардың заряды таусылған болса, лазер
сызықтары, өлшеу құралы өшпес бұрын, тағы бір рет
жыпылықтайды.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
u
батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
RM 1 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу 
(A–B суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың (13) көмегімен өлшеу құралын 360°-
қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне
бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары
бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы
өзгермейді.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (17) бұрама
ұстағыштың (13) бағыттауыш рейкасына (14) қаратып
орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше
кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама
ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
– тегіс аймақта тұруда,
– тік аймаққа бұрап бекітілгенде,
– төбе қапсырмалары (18) көмегімен металл төбе
рейкаларында,
– магниттердің (15) көмегімен метал беттерде.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
1 609 92A 5TD | (01.07.2020)
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл
болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты
температурасын сақтаңыз және жұмысты
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 125).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 125).
Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны
u
қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе
ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (3) "  On"
күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін)
немесе "
 On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Күй индикаторы (8)
жанады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығыс
саңылаулардан (2) лазер сызықтарын жібереді.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) "Off"
күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (8) сөнеді. Өшіру
кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
50 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасы
Егер шам. 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты түрде өшірілгеннен кейін
қайта қосу үшін ажыратқышты (3) алдымен "Off" күйіне
жылжытып, сонан соң өлшеу құралын қайта қосыңыз
немесе тік жұмыс режимі түймесін (6) немесе көлденең
жұмыс режимі түймесін (7) бір рет басыңыз.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін (өлшеу құралы
қосулы болғанда) көлденең жұмыс режимі түймесін (7)
кемінде 3 секунд басып ұстаңыз. Өшіру автоматикасы
ажыратылған соң, лазер сызықтары растау үшін қысқа
уақыт жыпылықтайды.
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

0601063p00