Жұмыс шамын қосу/өшіру (GNH 18V-64-2 M, GNH
18V-64 MD)
Жұмыс шамы қағу процесінен бұрын автоматты түрде
қосылып, қағу процесінен кейін автоматты түрде өшіп
қалады.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу
құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық
бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын
тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын
дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді
орындамаңыз. Іске қосу сақтандырғышы сияқты электр
құралының бөліктерін бөлшектемеңіз немесе
бұғаттамаңыз.
Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу"
жұмыстарын өткізбеңіз. Электр құралына жүйелі түрде
және тиісінше техникалық қызмет көрсету керек.
Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы
әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:
– соғу немесе ою,
– өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
– болат сияқты қатты материалдан жасалған
шаблондарда жүргізу,
– жерге құлату немесе жерде жылжыту,
– балға ретінде пайдалану,
– күш салып кез келген жұмыс істеу.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп
алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе
еденге шеге атпаңыз. Шегелер дайындаманы тесіп,
әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.
Қағылған шегеге басқа шеге қақпаңыз. Бұл ретте шеге
деформацияға ұшырап, шегелер қысылуы мүмкін немесе
электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін.
Егер электр құралы суық қоршаған орта шарттарында
қолданылатын болса, алғашқы шегелер әдеттегіден баяу
қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы
жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында
қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін
болдырмаңыз.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан
кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды
шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.
Қорапты босату (C1−C2 суреттерін қараңыз)
– Қорап қалқанын (15), шеге қармағышын (16) баса
отырып, шеге қармағыш соңғы шегені босатқанша,
артқа тартыңыз да, содан кейін қорап қалқанын
қораптың (14) басына дейін абайлап алға апарыңыз.
Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып
қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы
мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Bosch Power Tools
– Электр құралын, қораптағы шегелер қорап серіппесіне
(21) дейін артқа сырғып кеткенше бұраңыз.
– Қорап серіппесін төмен басып, шегелерді шеге
қармағышынан (16) өткізіп, қораптан (14)
шығарыңыз.
Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)
Шегелердің қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен (5)
реттеуге болады.
– Қорапты (14) босатыңыз.
– Шегелер тым терең қағылады:
қағылу тереңдігін азайту үшін реттегіш
дөңгелекті (5) "–" бағытымен бұраңыз.
– Шегелер жеткілікті емес тереңдікте
қағылады: қағылу тереңдігін арттыру
үшін реттегіш дөңгелекті (5) "+"
бағытымен бұраңыз.
Тереңдік шектегішін реттеу индикаторы (4) тереңдік
шектегішінің реттелуін бақылауға мүмкіндік береді.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
– Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз.
Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Қысылған жерлерді босату (E1−E2 суреттерін
қараңыз)
Шегелер итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл мәселе
жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Нұсқау: егер қысылған жерді босатқаннан кейін, таңба
бұдан былай кері жылжымаса, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
– Іске қосу құрылғысын (6) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (9)
шығарыңыз.
– Қорапты (14) босатыңыз.
– Қыспа иінтіректі (3), итергіш канал ашыла алғанша,
төмен қарай басыңыз.
– Қысылған шегелерді алып тастаңыз. Ол үшін
қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
– Итергіш каналды жауып, қыспа иінтіректің (3)
қапсырмасын итергіш каналдағы ілмекке іліңіз, содан
кейін қыспа иінтіректі қайтадан жоғары итеріңіз.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
Дайындама қорғағышын алмастыру (F суретін
қараңыз)
Іске қосу сақтандырғышының (2) ұшындағы дайындама
қорғағышы (1), электр құралы қағу әрекеті үшін тиісінше
орналастырылған жағдайда, дайындаманы қорғайды.
Дайындама қорғағышын алып тастауға және алмастыруға
болады
– Іске қосу құрылғысын (6) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (9)
шығарыңыз.
– Қорапты (14) босатыңыз.
Қазақ | 229
1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)