Télécharger Imprimer la page

Bosch GNH 18V-64-2 Professional Notice Originale page 227

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы
электр құралының кенет іске қосылуына жол
бермейді.
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын
пайдаланыңыз. Электр құралының қорап, ауыз және
итергіш канал сияқты дәл бөліктері Bosch ұсынған
қапсырма, шеге мен штифтеріне сәйкестендірілген.
Басқа өндірушілер басқа болат сапасын және
өлшемдерді пайдаланады.
Нұсқау: тек "Техникалық деректер" кестесінде
келтірілген қағылатын заттарды пайдаланыңыз.
Рұқсат етілмеген қағылатын заттарды пайдалану электр
құралының зақымдалуына және жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қорапты толтыру барысында электр құралын, ауыз (18)
не өз денеңізге, не басқа адамдарға бағытталмайтындай
ұстап тұрыңыз.
– Қажет болса, қорап қалқанын (15) тазалаңыз да,
қораптың (14) ластанбағанына көз жеткізіңіз.
– Жарамды шеге таспасын (20) қораптың (14)
ұшындағы Т тәрізді ойыққа салыңыз.
– Шеге таспасын, соңғы шеге қорап серіппесінің (21)
алдында жатқанша, алға қарай қорап ішіне
жылжытыңыз.
Нұсқау: электрондық бақылау жүйесі шегелердің
қорапта бар-жоғын анықтайды. Іске қосу сақтандырғышы
қораптың бос күйінде басылған жағдайда, қағу процесі
іске қосылады. Осылайша бос қағу әрекеттеріне жол
берілмейді.
– Алдын ала керілген шеге қармағышын (16) қорап
қалқанына (15) қарай басып, дәл сол уақытта қорап
қалқанын толығымен қораптың (14) ұшына дейін
тартыңыз.
Нұсқау: қорап қалқаны қатты күш қолданусыз (тек саусақ
күшімен) кері жылжытылуы керек. Қысылып қалған
қорап қалқанының мынадай салдары бар: шеге
қағылмайды, шеге итергіш каналда қармалып қалады
("Қысылу" бөлімін қараңыз) немесе шеге қате бұрышта
қағылады.
– Қорап қалқанын (15) басылған шеге қармағышымен
(16), шеге қармағышы соңғы шеге үстінен
жылжытылғанша және нәтижесінде шеге таспасы
қорапқа толығымен алға кіргенше, абайлап алға қарай
бағыттаңыз.
Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып
қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы
мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу жүйелері
Резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу
Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу
сақтандырғышын (2) дайындамаға берік орнату керек.
Қағылатын зат, іске қосу құрылғысы (6) басылғанда ғана
атылады.
Bosch Power Tools
Содан кейін басқа қағу әрекеттерін, іске қосу құрылғысы
мен іске қосу сақтандырғышы алдымен бастапқы күйіне
жылжытылғаннан кейін ғана орындауға болады.
Автоматты кері қозғалысы бар түйіспелі іске қосу
(GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD)
Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу құрылғысын
(6) басу және осы күйде ұстап тұру керек. Содан кейін
қағылатын затты шығару үшін іске қосу сақтандырғышын
дайындамаға берік орнату керек. Іске қосу құрылғысы
(6) басылып тұрғанша, басқа қағу әрекеттерін басқа
жерге қайта қондыру арқылы іске қосуға болады.
Түйіспелі іске қосу режимінде шегені бірмәртелі іске
қосу арқылы да қағуға болады.
Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
Пайдаланушы интерфейсі жанады.
GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: бірмәртелі іске
қосу белсенді болып, бірмәртелі іске қосу индикаторы
(31) жанады.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7)
басыңыз.
Шеге шығару − бірмәртелі іске қосу
– Электр құралын қосыңыз.
– Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі
дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы
(2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік
орнатыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
– Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт
басыңыз да, жіберіңіз.
Сонда шеге шығарылады.
– Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
– Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын
дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын
жерге берік орнатып қойыңыз.
Шеге шығару − түйіспелі іске қосу
(GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD)
– Электр құралын қосыңыз.
– Режим түймесін (30) қысқаша басу арқылы түйіспелі
іске қосу режимін белсендіріңіз.
Түйіспелі іске қосу индикаторы (32) жанады.
– Іске қосу құрылғысын (6) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
– Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі
дайындама қорғағышын (1), іске қосу
сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша,
дайындамаға берік орнатыңыз.
Сонда шеге шығарылады.
– Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу
құрылғысын (6) ары қарай басып тұрыңыз және
электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп
алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып
қойыңыз.
Қазақ | 227
1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gnh 18v-64-2 m professionalGnh 18v-64 md professional