•
Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
•
Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен кардиостимулятор
арасында ең аз 15 см қашықтық сақталуын ұсынады.
•
Егер кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы
қалтаңызда тасымаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу барысында сымсыз
құрылғыңызды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе лас орталарда немесе магниттік
өрістердің жанында пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе химиялық зауыт)
пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылыс немесе өрт қаупін арттырады.
•
Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды жергілікті ережелерге сәйкес қоқысқа лақтырыңыз. Олар қалыпты тұрмыстық
қалдықпен бірге тасталмауы керек. Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
•
Егер батарея ақса, электролиттің тікелей теріңізге немесе көздеріңізге тимеуін қамтамасыз етіңіз. Егер электролит теріңізге тисе немесе
көзіңізге шашыраса, дереу таза сумен жуыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
•
Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратыңыз.
•
Сымсыз құрылғылар ұшақтың ұшу жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін. Құрылғыңызды ұшақ компаниясының ережелеріне сәйкес сымсыз
құрылғыларға рұқсат етілмеген жерде пайдаланбаңыз.
•
Әуежай немесе әуе желісі қызметкерлері нұсқау берсе ғана сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Әуе желісі қызметкерінен ұшақ бортында сымсыз
құрылғыларды пайдалану туралы сұраңыз, құрылғыңыз «ұшақ режимін» ұсынса, оны ұшаққа мінбес бұрын қосу қажет.
•
Киілетін құрал мен қосалқы құралдарын күшті әсерден, күшті дірілдеуден, сызаттардан және үшкір нысандардан қорғаңыз, себебі олар
құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
•
Күні бойы теріңіз демалуы үшін бауды шамалы босатыңыз. Таққан кезде ыңғайсыздық сезілсе, киілетін құралды шешіп, білекті
демалдырыңыз. Әлі де ыңғайсыздық сезілсе, тағуды тоқтатып, мүмкіндігінше жылдам медициналық көмекке жүгініңіз. Сонымен қатар
ресми Huawei веб-сайтынан басқа материалдардан жасалған және дизайндары әртүрлі бауларды сатып алуға болады.
•
Қуат адаптері IEC/EN 62368-1 стандартына сәйкес екеніне және ұлттық немесе жергілікті стандарттарға сәйкес сыналғанына және
мақұлданғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
•
Бұл құрылғыда шағын өлшемді батарея қолданылады. Батареяны жұтуға болмайды, химиялық күю қаупі бар.
•
Шағын өлшемді батареяны жұтып қойған жағдайда, ол 2 сағат ішінде қатты ішкі күйіктерге және өлімге әкелуі мүмкін.
•
Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан аулақ ұстаңыз. Батарея салатын орын дұрыс жабылмаса, өнімді пайдалануды
тоқтатып, оны балалардан аулақ ұстаңыз. Батареялар жұтылып қойған немесе қандай да бір жолмен ішке өткен деп күдіктенсеңіз, шұғыл
түрде медициналық көмекке жүгініңіз.
Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат
Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе орауыштағы сызып тасталған шелек таңбасы барлық электрондық өнімдердің және
батареялардың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды тұрмыстық қоқыспен бірге
қалыпты қоқыс ретінде тастамау керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне немесе электр және электрондық жабдықты (WEEE) және
батареяларды жергілікті заңдарға сәйкес бөлек қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау пайдаланушының міндеті болып табылады.
Жабдықты дұрыс жинау және қайта өңдеу электрлік және электрондық жабдық (EEE) қалдығын құнды материалдарды сақтауға және адам
денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, дұрыс пайдаланбау, кездейсоқ бұзылу, зақымдалуы және/немесе жарамдылық
мерзімі біткен кезде дұрыс қайта өңдемеу денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. EEE қалдығын қайда және қалай тастау
туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе
https://consumer.huawei.com/en/ веб-сайтына өтіңіз.
Қауіпті заттарды азайту
Бұл құрылғы және оның электрлік керек-жарақтары ЕО REACH ережесі, RoHS және батареялар (қосылған жерде) директивасы сияқты
электрлік және электрондық жабдықтағы белгілі бір қауіпті заттарды пайдалану шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес.
REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемелерін алу үшін https://consumer.huawei.com/certification веб-сайтына кіріңіз.
ЕО нормативтік сәйкестігі
РЖ әсері талаптары
Құрылғыңыз қуаты аз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Халықаралық нұсқаулардың ұсыныстары бойынша құрылғы
сатылатын нарықпен орнатылған лимиттерге сәйкес болып жасалады.
Мәлімдеме
Осы құжат арқылы Huawei Device Co., Ltd. компаниясы бұл құрылғының 2014/53/EU директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті
ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді.
Сәйкестік туралы декларацияның соңғы және жарамды нұсқасын https://consumer.huawei.com/certification бетінде көруге болады.
Бұл құрылғыны ЕО-ның мүше елдерінде пайдалануға болады.
Құрылғы пайдаланылатын жердегі ұлттық және жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Жергілікті желіге байланысты бұл құрылғыны пайдалану шектелуі мүмкін.
Жиілік диапазондары және қуат
(a) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтары: Кейбір жолақтар барлық елдерде немесе барлық аймақтарда қолжетімсіз болуы
мүмкін. Қосымша деректер алу үшін жергілікті операторға хабарласыңыз.
(ә) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтарында тасымалданған максималды радио жиілігінің қуаты: Барлық жолақтардың
максималды қуаты қатысты «Келісілген стандарт» құжатында көрсетілген ең жоғарғы шектен төмен.
41