Télécharger Imprimer la page

Bosch BOS-06015A1001 Notice Originale page 154

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
154 | Қазақ
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама
Қаптама қалпағын (15) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (15) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (21)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (15) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (21) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (16) тіреу тақтасының (9)
ойығына орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангын (22) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (16) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (22) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (18) орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Үш деңгей бойынша реттелетін тербеліс кесу
жылдамдығын, кесу өнімділігін және кесік суретін
өңделетін материалға оңтайлы түрде бейімдеуге
мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
Ⅰ деңгей
кіші тербеліс
Ⅱ деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
1 609 92A 6LB | (26.05.2021)
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (9) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Аспирациялық келте құбырды (16) және жарылудан
сақтайтын пластинаны (18) қиғаш аралау кезінде орнату
мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (16) және жарылудан
сақтайтын пластинаны (18) алып тастаңыз.
– 0° еңіс бұрышында тиісті ойықта шетмойын
орналасқан.
– Бұранданы (23) алты қырлы дөңбек кілттің (24)
көмегімен тіреу тақтасы (9) аккумуляторға (1) қарай
жылжығанша босатыңыз. Шетмойынды бағыттауыш
ойық ішіне сырғытыңыз.
– Еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасын (9) шкала
(25) бойынша қажетті күйге қисайтыңыз. Бұрыш
өлшеуіштің көмегімен әр бұрышты 45° шамасына
дейін реттеуге болады.
– Бұранданы (23) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Заряталған аккумуляторды (1) аккумулятор бекіткішіне
ол естіліп тіреліп қатты бұғатталғанша жылжытыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын қосу
Жұмыс шамын (14) қосу немесе өшіру үшін жұмыс
шамының түймесін (3) басыңыз.
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) ауыстырып-
қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7)
ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа
жылжытыңыз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді. Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді
болғанда, температураны бақылау/артық жүктемеден
қорғаныс индикаторы (6) үздіксіз жанып тұрады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (7) өшірулі күйіне
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта іске
қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы
ажыратқыш (7) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicité

loading