3-диодшам: индукция плита
Таңдалған перне жанып, таңдау жасалғанын көрсетеді; 10 секундтан кейін перне қысқаша жыпылықтайды, бұл
таңдаудың жасалғанын көрсетеді.
Май сүзгісінің ескертуі
40 сағат жұмыс істегеннен кейін L1 және L5 диодшамдары жыпылықтай бастайды.
Осы ескерту көрінсе, орнатылған май сүзгісін жуу керек.
Ескерту күйін қалпына келтіру үшін T2 түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Көмір сүзгінің ескертуі
160 сағат жұмыс істегеннен кейін L2 және L5 диодшамдары жыпылықтай бастайды.
Осы ескерту көрінген кезде, орнатылған көмір сүзгіні ауыстыру керек.
Ескерту күйін қалпына келтіру үшін T3 түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Стандартты режимде көмір сүзгісі туралы ескерту қосулы болмайды.
Егер түтін тартқыштың сүзгісі бар нұсқасы қолданылса, көмір сүзгісі туралы ескертуді іске қосу керек.
Көмір сүзгісі туралы ескертуді іске қосу:
Түтін тартқышты ӨШІРІП, T2 және T3 пернелерін бірге 3 секунд басып тұрыңыз (егер L2 ШАМЫ жыпылықтаса,
демек көмір сүзгі белсенді ЕМЕС), көмір сүзгінің ескерту функциясын іске қосу үшін T3 пернесін басыңыз. L2
және L5 ШАМДАРЫ тұрақты жанады, 10 секунд күтіңіз, содан кейін функция дыбысты сигналдан кейін ("бип")
іске қосылады.
Көмір сүзгісі туралы ескертуді өшіру:
Түтін тартқышты ӨШІРІП, T2 және T3 пернелерін бірге 3 секунд басып тұрыңыз (егер L2 ШАМЫ тұрақты жанса,
демек көмір сүзгі белсенді), L2 және L5 ШАМДАРЫ тұрақты жанады, T3 пернесін басыңыз, сонда L2 ШАМЫ
жыпылықтай бастайды, 10 секунд күтіңіз, сосын дыбысты сигналдан ("бип") кейін көмір сүзгінің ескерту
функциясы ажыратылады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
• Тазалау: Тазалау үшін тек бейтарап сұйық жуғыш қоспаға малынған дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Тазалау құралдарын немесе аспаптарын пайдаланбаңыз.
• Абразивті заттарды пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ!
Өнімге техникалық қызмет көрсету үшін орнату соңында осы таңбамен белгіленген суреттерді
қараңыз.
•
Майға қарсы сүзгі: Майға қарсы металл сүзгі айына бір рет агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен
немесе ыдыс жуғыш машинада қысқа уақытта төмен температурада жуылуы керек. Майға қарсы сүзгіні
шығарып алу үшін, серіппеден босату тұтқасын тартыңыз.
• Майға қарсы сүзгі тамақ пісіру кезінде пайда шашырайтын май бөлшектерін ұстап қалады. Ыдыс жуғышта
тазаланғаннан кейін металл май сүзгісінің түсі оңып кетуі мүмкін, бірақ оның сүзу сипаттамалары өзгеріссіз
қалады.
•
Көмір сүзгі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру қажет. Оны жууға
немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы сүзгілерді алып
тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта
орнатыңыз.
• Көмір сүзгісі тамақ пісіру кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді ұстап қалады. • Ұзақ уақыт қолданғаннан
кейін көмір сүзгі иістерге қанығуы мүмкін, бұл пісірілетін тамақ түріне және май сүзгісінің майдан қаншалықты
жиі тазаланатынына байланысты.
Жарықтандыру құралдары
• Жарықтандыру жүйесі : Жарықтандыру жүйесін пайдаланушы ауыстыра алмайды, егер ол жұмыс істемесе,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Жарықтандыру жүйесі ДИОДШАМДАРҒА негізделген. Диодшамдар оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз
етеді, қарапайым шамдарға қарағанда 10 есе ұзақ қызмет етеді және электр энергиясының 90% үнемдейді.
102