Télécharger Imprimer la page

Elica BOXIN ADVANCE Prescriptions De Montage Et Mode D'emploi page 100

Masquer les pouces Voir aussi pour BOXIN ADVANCE:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
розеткаға жалғанатын болса, тіпті орнатқаннан кейін де, стандартты екі полюсті ажыратып-қосқышты орнату
ережелеріне сәйкес сай қосымша орнату арқылы III санаттағы артық кернеу болған жағдайларда құрылғыны
желіден толық ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. • Ескерту! Қуат кабелін ауыстыруды уәкілетті техникалық
қолдау қызметі немесе біліктілігі оған сай адам жүзеге асыруы керек.
● Есіңізде болсын! Электр желісіне қайта қоспас бұрын, оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз, әрқашан
қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Ескеріңіз! Автоматты түрде іске қосылатын бағдарламалаушымен, таймермен, бөлек пультпен немесе кез келген
басқа құрылғымен пайдаланбаңыз.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ ҰСЫНЫСТАРЫ
Қоршаған ортаға келетін әсерді азайту үшін дұрыс пайдалану нұсқаулары: Тамақ пісіруді бастаған кезде
құрылғыны ең аз жылдамдыққа қосу керек және оны пісіру аяқталғаннан кейін де бірнеше минутқа қосулы күйде
қалдырыңыз. Жылдамдықты тек түтін мен бу көп болса ғана, шұғыл жағдайларда ғана Тездету (Booster)
функциясы арқылы арттырыңыз. Иісті азайту жүйесінің тиімді жұмысын сақтау үшін, көмір сүзгісін(лерін) қажет
болғанда ауыстырып тұрыңыз. Май сүзгісі жақсы жұмыс істеуі үшін оны қажетінше тазалап тұрыңыз. Тиімділікті
арттырып, шуды азайту үшін, осы нұсқаулықта көрсетілген максималды құбыр диаметрін пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл түтін шығару жүйесін мұржалы нұсқада немесе сүзгілі және ішкі айналымы бар рециркуляциялық нұсқада
қолдануға болады.
Мұржалы нұсқа:
Бөлінетін бу жалғау фланеціне бекітілген ауа сору құбыры арқылы сыртқа шығарылады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Егер өнім бір немесе бірнеше көмір сүзгілерімен жабдықталған болса, оларды алып тастау
керек.
Өнімді диаметрі ауа шығысына (жалғау фланеці) сай келетін қабырғаға орнатылған сорғыш құбырларға және
саңылауларға жалғаңыз.
Құбырлар мен қабырғадағы шағын диаметрлі шығыс тесіктерді пайдалану түтін сорғыштың тиімділігін
төмендетеді және шу деңгейін күрт арттырады.
Осыған байланысты барлық жауапкершіліктерден бас тартылады.
• Ауа соратын шығаратын құбыр мүмкін болса барынша қысқа болғаны жөн.
• Құбырдағы бұрылыстар неғұрлым аз болғаны жөн (максималды иілу бұрышы: 90°).
• Құбыр диаметрінің күрт өзгеруіне жол бермеңіз.
Рециркуляциялық нұсқа:
Сорылған ауа бөлмеге өтпес бұрын майдан және иістерден тазаланады. Өнімді осы нұсқада пайдалану үшін
қосымша белсендірілген көмір сүзгі жүйесін орнату қажет.
ОРНАТУДЫ БАСТАМАС БҰРЫН ҚҰРАСТЫРУ
• Өнімнің өлшемдері орнатылатын орынға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Белсендірілген көмір сүзгісі(лері) берілген болса, оны алып тастаңыз (тиісті тарауды да қараңыз).
• Егер өнім сүзгімен қолданылса, оны (оларды) қайта орнату керек.
• Егер жан-жағында панельдер және/немесе қабырғалар және/немесе қабырға блоктары болса, өнімді орнатуға
жеткілікті орын бар екеніне және басқару тақтасына әрдайым оңай қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.
• Бұл өнім көптеген қабырғаларға/төбелерге жарамды бекіту тығындарымен жабдықталған. Дегенмен,
материалдар қабырға/төбенің түріне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін білікті маманмен кеңесу керек. Қабырға/
төбе материалы сорғыштың салмағын көтеру үшін жеткілікті деңгейде мықты болуы керек.
Диодшам температурасын реттеу
Өнімді орнатқаннан кейін, май сүзгісі мен сору панелін периметрдің айналасына орнатпас бұрын, диодшам
температурасын жылы-жарық күйден суық-жарық күйге дейін бөлмедегі жарық деңгейіне сәйкестендіріп
реттеуге болады.
Қолжетімді температуралар:
W = 3000K жылы
N = 3500K орташа жылы
100

Publicité

loading