Télécharger Imprimer la page

Hilti AG 100-7 Mode D'emploi page 262

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
6.2 Қорғауыш қаптаманы орнату немесе бөлшектеу
▶ Сәйкес қорғауыш қаптаманың орнату бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
6.2.1 Қорғауыш қаптаманы орнату
Нұсқау
Қаптамадағы арнайы жалғастырғыш тек сай келетін қорғауыш қаптаманы құрастыруға мүмкіндік
береді. Оған қоса жалғастырғыш қорғауыш қаптаманың құралға құлауына жол бермейді.
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғышы бар қорғауыш қаптама шпиндель мойнындағы ойыққа орнатыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
4. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
Нұсқау
Қорғауыш қаптама орнату бұрандасының көмегімен керек диаметрге сай реттеліп қойылған.
Егер қорғауыш қаптама орнатылған кезде қысу тым әлсіз болса, оны орнату бұрандасын
бұрап күшейтуге болады.
6.2.2 Қорғауыш қаптаманың күйін реттеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
6.2.3 Қорғауыш қаптаманы бөлшектеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғыш ойықпен тураланбағанша қорғауыш қаптаманы айналдырыңыз және алып тастаңыз.
6.2.4 Алдыңғы қақпақты орнату немесе бөлшектеу
1. Алдыңғы қақпақты жабық жағымен стандартты қорғауыш қаптама ішіне тірелгенше салыңыз.
2. Бөлшектеу үшін алдыңғы қақпақтың құлпын ашыңыз және оны стандартты қорғауыш қаптамадан
алып тастаңыз.
6.3 Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Нұсқау
Кесу мен тегістеу сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Жалпы жағдайда
алмас сегменттері 2 мм (1/16 дюйм) кіші болса алмастыру керек болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық тегістеуіш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткен соң алмастыру қажет.
6.3.1 Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Желілік кабель айырын розеткадан шығарыңыз.
2. Қыспа фланецті тазалаңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз және шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
256
All manuals and user guides at all-guides.com
5
6
7
8

Publicité

loading