1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Шартты белгілердің анықтамасы
1.1.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
белгімен бірге қолданылады:
ҚАУІП! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін тікелей қауіпті жағдай-
дың жалпы белгіленуі.
ЕСКЕРТУ! Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал жағдай-
дың жалпы белгіленуі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.1.2 Таңбалар
Төмендегі таңбалар қолданылады:
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қорғауыш көзілдірікті кию керек
Айналым/минут
Айналым/минут
Номиналды айналу жиілігі
Диаметр
II қорғау класы (қос изоляция)
1.1.3 Суреттер
Бұл нұсқаулықтағы суреттер аса маңызды мәнге ие және нақты конструкциядан ауытқуы мүмкін:
Суреттер сандармен белгіленген.
Суреттердегі нөмірлеу әрекеттердің реттілігін бейнелеп білдіреді және мәтіндегі әрекеттер
реттілігінің нөмірлеуінен өзгешеленуі мүмкін.
Позиция нөмірлері шолу суретінде қолданылады. «Өнімге шолу» мақаласында шартты
белгілердің нөмірлері осы позиция нөмірлеріне сілтеме береді.
1.2 Бұл құжаттама туралы
▶ Іске қосу алдында міндетті түрде осы пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз
жұмыс пен ақаусыз басқару үшін алғышарт болып табылады.
▶ Осы құжаттамадағы және аспаптағы қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
▶ Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым аспапта сақтаңыз және аспапты басқа тұлғаларға тек
осы нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.3 Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Сипатталған өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
▶ Фирмалық тақтайшадағы атау мен сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп алыңыз.
▶ Өнім бойынша сұрауларымен бөліміміз не қызмет көрсету орталығымызға хабарласқан кезде осы
мәліметтерді әрдайым қамтамасыз етіңіз.
All manuals and user guides at all-guides.com
247