Қайтарым электр құралды дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Төменде
берілген сақтық шараларын орындаған жағдайда мұны болдырмауға болады.
▶ Аспаптың қайтарымын амортизациялау алатын қалыпты қабылдап, электр құралды берік
ұстаңыз. Электр қозғалтқышы тездегенде пайда болатын қайтарымды немесе реактивті
моментті максималды басқару үшін әрқашан қосымша тұтқышты (бар болса) қолданыңыз.
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
▶ Қол буынын айналатын алмалы-салмалы аспапқа ешқашан жақындатпаңыз. Қайтарым кезінде
жұмыс аспабы оларға ілінуі мүмкін.
▶ Қайтарым кезінде электр құралдың жылжитын аймаққа түсуін болдырмаңыз. Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
▶ Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б.
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз. Ай-
налатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды жоғалтудың немесе қайтарымның пайда болуының
себебі болады.
▶ Шынжырлық немесе тісті ілінісі бар төсемді қолданбаңыз. Мұндай жұмыс аспаптарын қолдану
жиі қайтарымды тудырады немесе электр құралын басқаруды жоғалтуға әкеледі.
Дөңгелекпен тегістеу және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз. Бұл электр құралға арналмаған абразивті дөңгелектер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс істейді.
▶ Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары қорғауыш қаптама шетінен шықпайтын етіп
орнату керек. Қате орнатылған тегістеу дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса жетерлік
ретте қапталмайды.
▶ Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары қорғау дәрежесіне реттелуі керек. Қорғауыш қап-
тама операторды сынықтардан, киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу нысандарына
кездейсоқ тиюден қорғауға көмектеседі.
▶ Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді кесу дөңгелегінің
бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дөңгелектері материалды дөңгелек жиегімен
алуға арналған. Дөңгелекке бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы мүмкін.
▶ Тегістеу дөңгелегін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дөңгелегін бекітеді және
оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дөңгелектерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу
дөңгелектерінің қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дөңгелектерін қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дөңгелектері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
Дөңгелекпен кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Кесу дөңгелегінің бұғатталуын немесе тым қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз.
қисаю немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен бірге қайтарымның пайда болу немесе оның бұзылу
мүмкіндігін арттырады.
▶ Айналып жатқан кесу дөңгелегінің аймағында және оның артында тұрмаңыз. Өңдеп жатқан
бөлшектегі кесу дөңгелегі өзіңізден ары бағытта ауытқығанда электр құралы қайтарым пайда
болғанда тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
▶ Кесу дөңгелегі сыналанған немесе жұмысты тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және
дөңгелек толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі айналып жатқан дөңгелекті кесу жерінен шығарып
алуға ешқашан әрекет жасамаңыз – қайтарым болуы мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және
кетіріңіз.
▶ Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты қайтадан қоспаңыз.
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе дөңгелек сыналануы,
өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
▶ Кесу дөңгелегі сыналанған жағдайда қауіп дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді тақталарды
немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен иілуі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті екі жағынан кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ, бөлшек жиегінің
бойында тіреу керек.
All manuals and user guides at all-guides.com
өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз.
Кесу дөңгелегіне шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және
Электр
Жұмысты жалғастыру
251