Télécharger Imprimer la page

Hilti AG 100-7 Mode D'emploi page 258

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
▶ Жасырын салада, мысалы, дайын қабырғада, «батырып» кесуді орындағанда әсіресе сақ
болыңыз. Газ және су құбырларын, электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу кезінде кесу
дискісін салғанда, қайтарым пайда болуы мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспапты тек техникалық мінсіз күйде ғана қолданыңыз.
▶ Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
▶ Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады. Аспапты балалардан алшақ
ұстаңыз.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
▶ Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе арматураны немесе ұстап тұратын құрылыстарды кескенде. Жұмысты бастау алдында
инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты тұлғадан кеңес алыңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі шаңнан қорғау нормаларына
сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Мүмкіндігінше шаңсорғыш пен арнайы жылжымалы шаң жинағышты қолданыңыз. Құрамында
қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар
және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды
болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Жарақат алу қауіптерін болдырмау үшін Hilti ұсынған түпнұсқа керек-жарақтар мен құралдарды
ғана қолданыңыз.
▶ Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Егер жұмыс уақытында желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалған болса, оған тиюге тыйым
салынады.
Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
қамту кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды Hilti компаниясының қызмет көрсету
орталығында өткізу керек. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді тексеріңіз және зақымдар бар
болғанда оларды ауыстырыңыз.
▶ Ток өткізетін материалдарды жиі өңдеген кезде кір аспапты Hilti қызмет көрсету орталығына жүйелі
түрде тексертіңіз. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк
өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Тартылмалы аспаптармен немесе қыспақпен бұрап бекітілген
өңделетін зат қолмен бекіткенге қарағанда берік болып тұрады.
▶ Құрал блокталған кезде электр құралды бірден өшіріңіз. Аспап бүйірімен ауытқуы мүмкін.
▶ Электр құралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін
күтіңіз.
252
All manuals and user guides at all-guides.com
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
Тұрақты түрде аспаптың электр

Publicité

loading