Télécharger Imprimer la page

Electrolux EMT25203C Notice D'utilisation page 43

Masquer les pouces Voir aussi pour EMT25203C:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Ашық есікке күш салмаңыз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе
зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Есіктің тығыздағыш беткі
қабаттарына тағамның
шашырауына немесе тазартқыш
зат қалдығының жиналуына жол
бермеңіз.
• Құрылғының ішінде қалған май
және тағам микротолқын
функциясы жұмыс істеген кезде өрт
және электр қатерінің пайда
болуына әкеледі.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
2.5 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз.
• Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
ҚАЗАҚ
43

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Emt25203kEmt25203ocEmt25203ok